Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXVII сессиясына қатысушылармен кездесу

2019 жылдың 29 сәуірінде  Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан халықтары  Ассамблеясының XXVII сессиясы біздің мемлекетіміздің  тарихында маңызды оқиға болып саналады. Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының бірінші президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуы маңызды шешім. Халықтың еркімен туған Ассамблея беделді конституциялық органға айналғанын» атап өтті.  

Қарағанды облысы делегациясының құрамында этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА Ғылыми – эксперт тобының мүшелері, ғалымдар, ЖОО оқытушылары, облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясының жастар кеңесінің өкілдері, облыстың этномәдени бірлестіктерінің жастар қанаты өкілдері болды.

2019 жылдың 3 мамырында Қарағанды облысының сессиясына қатысушылары біздің университеттің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті. Қарағанды облысы  Қазақстан халықтары Ассамблеясының жанындағы ғылыми — эксперттік топтың төрағасы Вилен Борисович Молотов — Лучанский құттықтау сөз сөйледі. Ол мемлекет Басшысының Ассамблея Төрағасы ретінде  халықтар достығының бірлігін қамтамасыз ету жолында саяси ерік — жігерінің мықтылығын атап өтті.

Кездесу қонақтары болып «Қарағанды облыстық корей этномәдени бірлестігі» БҰ төрайымы Ким Лилия Михайловна, «Казачья вольница» этномәдени бірлестігінің төрағасы Раков Семен Вячеславович, Е.Букетов атындағы ҚарМУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Джумабеков Джамбул Азмуханович,  «Қазтұтыну» ҚЭУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі Абдакимова Мадина Кочкаровна, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» БҰ штабының мүшесі, жастар қанатының жетекшісі Умалатов Исса Тимурович қатысты.

        Кездесу барысында Қазақстан президентінің бастамалары жаһандық қауіп-қатерлерге дер кезінде беріліп отырған жауап  екендігі атап өтілді, сонымен қатар қазақстандық қоғамның әлеуметтік бірлігі мен жаңғыруы туралы сұрақтар талқыланды, бейбітшілік пен келісімді нығайту  жастардың басты мақсаты екендігі атап өтілді.

Кездесуге қатысушылар жастарды отанымыздың басты құндылығы – біздің көпұлтты елімізде дүниежүзілік эталон ретінде танылған мәдениет пен дін арасындағы сұқбатты, азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді қолдауға шақырды.

Без рубрики