ҚарМТУ студенттерінің VII Балы


22 мамыр 2019 жылы «Arista» мейрамханасында Жастар жылы мен Қарағанды қаласының 85-жылдығына орай ҚарМТУ студенттеінің VII Балы өтті.

Бұл іс-шара болашақ мамандардың патриоттық сезімін дамыту, шығармашылыққа қызығушылығын арттыру, эстетикалық дүниетанымдық көзқарас пен ой-өрісті кеңейту, сондай-ақ ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді.

Студенттер Балы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 2013 жылдан бастап өткізіліп келеді және дәстүрлі іс-шараға айналды.

Балды өткізу Университеттің студенттік активінің идеясы, ЖОО басшылығы қолдады.

ҚарМТУ – 2019 студенттер балына ҚарМТУ-дың оқуда, ғылымда және қоғамдық қызметте жетістікке жетіп, таңдаудан өткен 60 студенті қатысты.

Биыл оқытушылардың 12 жұбы да балға қатысып, тамаша би өнерін көрсетті.

Балдың құрметті қонақтары болып қаланың қоғамдық ұйымдарының өкілдері, рухани-адамгершілік Кеңесінің ақсақалдары, университеттің Ардагерлер Кеңесінің мүшелері, студенттердің ата-аналары, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Бал өткізу барысында осы жылдың қорытындысы бойынша «Үздік студент», «Үздік куратор», «Үздік староста», «Үздік топ», «Үздік жатақхана бөлмесі», «Үздік факультет кәсіптікбюросы» сайыстарының жеңімпаздары марапатталды.

Кештің жүргізушілері қалаға, облысқа танымал Думан Аким и Умиртаева Нұргүл болды. Бағдарлама бойынша студенттердің 5 классикалық биі, оқытушылар биі, қонақтармен би, ҚарМТУ студенттерінің шығармашылық нөмірлері орындалды.

Кеш соңында «Балдың Ханзадасы мен Ханшайымы» сайысының қорытындысы жарияланды. Жол-көлік факультетінің студенті Тілеулі Таңат пен Энергетика, автоматтандыру және телекоммуникациялар факультетінің студенті Жәмшібай Айым жеңімпаз атанып, балдың демеушілерінен құнды сыйлықтар алды.

Без рубрики