VI-й Международный фестиваль архитектурно-строительных и дизайнерских школ Евразии


Форум осы саланың топжарғандарын бір алаңға жинап, үздік студенттік жобаларды атап өтті, сондай-ақ кәсіби идеялармен алмасу және Еуропа мен Азияның шығармашыл жастарын қолдау жөніндегі өз әлеуетін көрсетті.

Ауқымды іс-шаралардың ұйымдастырушылары Қазақстан Сәулетшілері мен дизайнерлері одағы, ҚазБСҚА, Түркі әлемінің Сәулетшілері мен инженерлері одағы (Түркия) болды.

Фестиваль жұмысына Орталық Азияның, ТМД-ның, таяу және алыс шет елдердің 18 елінің 50 жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Кәсіби идеялармен алмасу және Еуропа мен Азияның шығармашыл жастарын қолдау жөніндегі өз әлеуетін көрсеткен 250-ден астам дипломдық жобалар мен магистрлік диссертациялар қаралды.

Никосиядағы фестивальда сәулетшілердің қарағандылық мектебін ҚарМТУ атынан ҚР құрметті сәулетшісі, КСРО және ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі, сәулет, дизайн және қолданбалы механика кафедрасының доценті (СДжҚМ) – Сергей Алексеевич Лебедев бастап барды.

Кипрдегі соншалықты ауқымды бас қосу алдында Алматы қаласында (ҚазБСҚА) сәулет-құрылыс мамандықтары бойынша дипломдық жобалардың Республикалық байқау-конкурсы болып өткен еді.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің СДжҚМ кафедрасы 2016 жылғы түлектердің 4 жұмысын – сәулет бойынша 3 жұмыс және құрылыс материалдары мен бұйымдары бойынша 1 жұмыс ұсынды.

Республикалық (Алматы қ.) және Халықаралық (Никосия, Кипр) байқау-конкурстарының нәтижелері бойынша әралуан деңгейдегі  11 награда жеңіп алынды: І дәрежелі диплом – студент Ф. Верхотуровтың «Қарағандыдағы сәулетшілердің жоғары мектебі» тақырыбына дипломдық жұмысы, жетекшісі – Лебедев С.А.; ІІІ дәрежелі диплом – студент О. Райхтың на тему «Қарағанды қаласындағы мәдени даму орталығы» тақырыбына дипломдық жұмысы, жетекшісі – Маштакова Е.К.; ІІІ дәрежелі диплом –А. Русановтың «Өнеркәсіп қалдықтарын пайдалана отырып қабырғалық бұйымдардың жылутехникалық қасиеттерін зерттеу» тақырыбына магистрлік диссертациясы, жетекшісі – Байджанов Д.О.

Республикалық және Халықаралық конкурстардың нәтижелері бойынша сертификаттарды фестивальға қатысушы біздің студенттер: Ф. Верхотуров,  О. Райх , С. Решетняк, А. Русановтар иеленді; жобалардың жетекшілері: Лебедев С.А., Маштакова Е.К., Борисевия Ю.А., Байджанов Д.О.

Без рубрики