В.В. Егоровтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды


2016 жылдың 31 желтоқсан күні университеттің 1-корпусында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің проректоры, ғалым, педагог Виктор Владимирович Егоровтың (1945-2016)    құрметіне ескерткіш тақта мен ақпараттық стенд орнатылды.

Виктор Владимирович Егоров  өткен жылдың  22 қарашасы күні өмірден озған болатын.

ҚарМТУ-да білім ордасын дамыту үшін өзінің бар қажыр–қайратын жұмсаған еңбеккерлерін ұмытпай, үнемі еске алып отыратын жақсы  дәстүр бар.

Ескерткіш тақтаның ашылуына В.В. Егоровтың туыстары, достары, әріптестері мен университет басшылығы қатысты. Ғалым құрметіне орнатылған ескерткіш тақта мен стендті ҚарМТУ ректоры, т.ғ.д. Марат Кеңесұлы Ибатов пен марқұмның жан досы Қарағанды мемлекеттік умедицина университетінің профессоры Терёхин Сергей Петрович ашты.

Без рубрики