ҚарМТУ-да Қарағанды мектептерінің 10-11-сынып оқушылары арасында «Геология» пәні бойынша облыстық олимпиада өтті

2018 жылы 1 наурыз күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау» кафедрасы Қарағанды қаласының Білім беру Департаментімен бірлесе  кәсіби бағыттау жұмыстары шеңберінде Қарағанды қаласының мектептерінің 10-11-сынып оқушылары арасында «Геология» пәні бойынша облыстық олимпиада өткізді. Олимпиадаға 27 мектептен 49 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:

 

1-орын: Шуданбеков Айбар — №63 мектептің 11-сынып оқушысы;

2-орын: Ускова Ольга — №23 ЖОББМ 11-сынып оқушысы;

              Ким Марк — №97 гимназия 10-сынып оқушысы;

3-орын: Бачук Глеб — №101 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

              Каткова Яна — №9 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

              Бурамбекова Аружан — №2 ЖОББМ 10-сынып оқушысы.

 

Барлық қатсыушыларға олимпиадаға қатысқаны үшін сертификаттар берілді, ал жеңімпаздарға мадақтама қағазы мен естелік сыйлықтар табысталды. Оқушыларды олимпиадаға дайындап, белсенділік танытқаны үшін мектеп мұғалімдеріне мадақтама қағазы берілді.  

Іс-шара қонақтары: Телегин Руслан – Қарағанды қаласы әкімінің кеңесшісі, Клевцов С.Ф — «Аширит» тас әуесқойлар қауымының басқарма мүшесі, Ломакин П.С. — «Аширит» тас қауымының мүшесі, суретші, ақын және әнші. Қонақтар өздерінің минералдар мен тау жыныстары жинақтарын көрсетіп, өлең оқыды, оқушыларды облыстың қызықты геологиялық нысандарымен таныстырды. Қонақтардың назарына геологтардың далалық өмірінің фрагменттері,  «Аширит» тас әуесқойлар қауымының минералдары үлгілері бар фотосуреттерімен стендтер ұсынылды.

 

Без рубрики