ҚарМТУ-да Case-in Халықаралық инженерлік чемпионатының іріктеу кезеңі өтті


5 сәуір күні Қарағанды мемлекеттік техникалық  университетінде отын-энергетика және минералдық-шикізаттық бағыттар бойынша тапсырмаларды шешу  кейстері бойынша «Case-in» Халықаралық инженерлік чемпионатының іріктеу кезеңі өтті.  Бұл чемпионат болашақ инженер мамандарға өз кәсібін жетік меңгеріп, тәжірибе жинауға, біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік беретін бірден-бір сайыс.

4 ай уақыт ішінде Чемпионатқа Ресей Федерациясы, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің 37  өңірінен 52 жоғарғы оқу орнының білім алушылары бақ сынасты. Бұл сайыс ҚарМТУ қабырғасында осымен бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. 2018 жылдың 30-31 мамыры күндері Мәскеуде өтетін соңғы финалға ТМД және өзге шет мемлекеттерден 4000-нан астам студент қатысатын  болады.

«Case-in» Халықаралық инженерлік чемпионаты Электроэнергетика, Тау-кен ісі, Геологиялық барлау, Металлургия, Мұнай-газ, Мұнай-химия   ісі сияқты алты бағыттан (лига)  тұрады.

Инженерлік чемпионаттың мақсаты  –  ТМД елдерінің ЖОО-нда тау-кен, электроэнергетика бағыттары бойынша білім алып жатқан шығармашыл, талантты, белсенді де мақсатты жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету.  Чемпионат барысында тың идеяларымен көзге түсіп, берілген тапсырмаларды шығармашылықпен орындаған жас мамандар ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Биылғы жылғы чемпионатқа   білім ордамыздың Тау-кен ісі факультетінен – 7 команда және Энергетика, автоматика және телебайланыстар факультетінен  5 команда қатысты.

Іріктеу кезеңінің қатысушыларының білімін өңіріміздің тау-кен және энергетика саласының  жетекші компанияларының өкілдері  және білім ордамыздың ғалымдары бағалады.

Чемпионаттың ҚарМТУ-да өткен іріктеу туры барысында екі факульттеттің білім алушылары  мынадай нәтиже көрсетті:

«Тау-кен ісі» бойынша  3 команда жеңімпаз атанды, 1-орынға иеленген команда , Чемпионаттың финалында сайысқа қатысады:

1-орын – команда  «Mining research group» (Абдыкаликова Т.А., Джусупов Н.Д., Молдашев Е.М., Муратбекова Н.Р., ГДМ-17-1 тобының магистранттары);

2-орын – команда «Геомаркшейдер» (Мазур-Соцкий К.А., Сулейменов М.Б., студенты группы ГД-14-5, Андреев В.А., МЕТГМ-17-2 тобының магистранттары, Маматова С.);

3-орын – команда «Горняк» (Айтмагамбетов Б.К., Ануарбек Р.М., Баизбаев М.М., Сарсекеев А.К., ГД-15-7 тобының студенттері).

«Электроэнергетика» бағыты бойынша жеңіске жеткендер. Мұнда да 1-орынға ие болған топ мәскеуге аттанады:

1-орын – Команда «ProEnergy» (Рымбеков Азамат, Дәрібай Еркін, Перне Мейіржан, Мәді Ержан, «Электроэнергетика» және «Радиотехника, электроника және телебайланыстар» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2-3-курс студенттері;

2-орын – Команда «Тесла мұрасы» (Усеинова Сабина, Тажикеев Магжан магистранты    «Электроэненергетика»1-курс студенттері);

3-орын —  Команда «Energy hope» (Базылов Балгынбек, Сүйіндік Мейіржан, Ідріс Жалғас, Абдикаримова Сағыныш, «Электроэнергетика» және «Автоматизация және басқару» мамандығы бойынша білім алып жатқан 3-курс студенттері).

Жас инженерлердің жаңа жобалары орындалу технологиясына, ұсынған идеяларының жаңашылдығына, шешімдерінің инновациялығы, экономикалық тұрғыдан тиімділігі және  ұсыну шеберлігіне қарай мамырда Ресейде өтетін Чемпионаттың ақтық финалында бағаланатын болады.

Без рубрики