ҚҰРМЕТТІ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ — 2020!


Қалыптасқан дәстүріміз бойынша, біз жыл сайын Қарағанды қаласының ең үздік сахналарында дипломдарды тапсыру рәсімін салтанатты түрде, әдемі өткізіп келдік. Бірақ бұл жыл бәріміз үшін өте күрделі болды. Өкінішке орай, әлемде орын алған коронавирустың пандемиясы әдеттегідей бір-бірімізді салтанатты жағдайда құттықтауға мүмкіндік бермеді.

Міне, сіздердің университеттегі оқу жылдарыңыз да аяқталды. Сіздердің оқуларыңыз дәстүрлі мерекеміз – Білім күнімен басталып, сіздер бір сапта «Қарағанды Политехінің» бірінші курс студентінің антын бір ауыздан дауыстап айтқан едіңіздер! Біз сіздердің студенттік жылдарыңыздың ең жақсы, қызықты, ұмытылмастай болғанына сенімдіміз! Сіздер заманауи өндірістік сұраныстағы құзыреттерге ие болып, шынайы достарды таптыңыздар! Бүгін сіздер өндірістік кәсіпорындар, компаниялар, фирмалар, мекемелер күтіп отырған жас мамансыздар!

Биылғы жылы біздің университетті 1595 бакалавриат және 683 магистратура түлектері бітіріп шықты, оның 139-ы үздік бітірді. Тағы 75 адам ҚарМТУ базасында Инновациялық технологиялар колледжі түлегінің дипломдарын алды. Сіздердің көпшілігіңіз әр-түрлі олимпиадалардың, хакатондардың, конкурстардың, фестивальдардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атандыңыздар.

Болашақта сіздер тек бірінші дәрежелі мамандар, ірі өндіріс басшылары ғана емес, сонымен қатар ҚарМТУ «Жас Орда» студенттік ұйымдарының Жастар Қауымдастығының тамаша мектебі – көшбасшылық мектебі, командалық рух мектебі, үздік ұйымдастырушылар мен таланттар мектебінен өткен көрнекті қоғам қайраткерлері боласыздар деп үміттенеміз! «Жас Орда» белсенділерін имидждік шығармашылық және қоғамдық-саяси іс-шаралар бойынша біздің өңірде, елде ғана емес, одан тыс жерлерде де біледі!

Бүгін сіздер жаңа өмір кезеңін бастайсыздар! Алда жаңа белестер, жеңістер және жетістіктер! Альма-матерді ұмытпаңыздар! «Политехтік» жоғары атағына лайықты болыңыздар! Сіздердің көпшілігіңізді біздің ЖОО-да, оның ішінде магистратура мен PhD докторантурада оқуды жалғастыру үшін күтеміз!

Сіздерді біздің университетті, еліміздің үздік жоғары оқу орындарының бірін бітірулеріңізбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Сіздерге кәсіби табыс, жақсы мансаптық өсу және Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосуларыңызды тілеймін! Сіздерге және жақындарыңызға, ата-аналарыңызға амандық пен өркендеу және тек жақсылық тілеймін!

Без рубрики