Сырттай және қашықтықтан оқыту факультеті студенттерінің Университет ректоры бекіткен кестеге сәйкес диплом қорғау жұмыстарының нәтижелері


IMG_4209IMG_4290IMG_4294

БЖД-12у, казБЖД-12у, КазБЖД-13зВВ, БЖД-13зВВ топтардың 35 студент дипломдық жұмыстарды қорғады. БЖД-13зВВ тобының студенті Мурзина М.Е. теориялық оқу бітіріп, мемлекеттік емтихан тапсырып және қорғау үшін қорытынды жұмысты тапсырды , бірақ оны қорғаған емес, оқудан шығарылды, 2015-2016 оқу жылының көктемгі семестрында.

Қорғау нәтижелері бойынша комиссия келесілерді атап өтті:

1. Түлектердің кәсіби дайындығы жақсы деңгейде. «Өте жақсы» бағасына 27 дипломдық жұмыс, «жақсы» — 8, «келмеген» – 1.

2. Т.ғ.к., доценттің Ж.К. Аманжоловтың (Ибрагимова А. – БЖД-13зВВ тобы), т.ғ.к., профессордың В.С. Харьковскийдің (Утебаев Б.Б. БЖД-12у тобы) жетекшілік етуімен орындалған дипломдық жұмысты комиссия ең үздік деп ерекше атап өтуді жөн көреді. Бұл жұмыстар басқаларына қарағанда өздерінің терең ғылыми және тәжірибелік зерттеулерімен, жаңалығымен, алынған нәтижелерімен және ұсыныстарымен ерекше болып келеді.

3. Дипломдық жұмыстардың тақырыптары ғылымның, техниканың, өндірістің қазіргі заманғы күйіне сәйкес келеді. Түлектер технологиялық үрдістердің қауіпсіздігін және еңбек жағдайларын талдаудың, зиянды және қауіпті өндірістік факторларды, өнеркәсіптік қатерлерді бағалаудың белгілі әдістемелерін, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы жөніндегі заңды және нормативтік актілерді, еңбек қорғаудың және қауіпсіздігінің барлық талаптарын қамтамасыз ететін заманға сай және экономика жағынан үнемді болатын өнеркәсіптік-технологиялық жүйелерді кеңінен қолданды.

4. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды аталмыш мамандықтардың барлық студенттері тапсырды. Студенттердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімдері жоғары. Студенттер жақсы білімдері мен оқу бағдарламасын толық меңгергендерін және тәжірибелік дағдыларын байқатты.

5. Студенттер еліміздегі ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі нарықтық экономика және экология проблемалары туралы хабардар, соларды шешу жолдарын ұсынды.

6. Студенттердің мәдени деңгейі жоғары, көбісі ҚарМТУ-де оқу барысында университеттің, деканаттың кафедраның қоғамдық шараларына қатысқан, ақпараттық басылымдар, патенттік және басқа да құжаттардың материалдарымен таныс.

7. Түлектер ҚР Конституциясының, ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясының, ҚР халқына жыл сайынғы жолдауларының негізгі жағдайларын білетіндерін байқатты, еліміздің мемлекеттік рәміздерін – ел таңбаны, туды, ән ұранды – білетіндерін және құрметтейтіндерін көрсетті.

8. Түсініктеме хаттар сауатты жазылған, сызбалық материал ұқыпты орындалған – дипломдық жұмыстарға қойылатын барлық нормативтік талаптардың сақталуымен.

9. 5В073100 – ҚОҚ және ТӘҚ мамандығына сипатты терминологиямен түлектер еркін және толық қолданады.

10. Ғылыми тақырыптар бойынша орындалған дипломдық жұмыстардың ғылыми дәйектілік және тәжірибелік қолдану деңгейі жоғары.

11. Мамандарды дайындау сапасын талдау студенттердің теориялық білімдерінің жоғары деңгейін көрсетті. Көбісі мамандық бойынша жұмыс істейтін сырттай оқитын студенттердің тәжірибелік білімдері жоғары екені байқалды. Қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыстардың тақырыптары өндірістік практикалар кезінде жиналған материалға сәйкес келеді.

12. Аталмыш бағытта мамандарды дайындауды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар ретінде ақпараттық және мультимедиялық технологиялардың мүмкіншіліктерін кеңірек пайдалануды, дипломдық жұмыстардың тәжірибелік маңызын тереңірек дәлелдеуді атап өтуге болады.

Без рубрики