Университетке конференцияларға шақырулар келді


1.  2014 ж.  17-19 қыркүйек аралығында  ITECA компаниясы тау- кен көрмесіне қатысуға шақырады. Алматы қ., Атакент.

2. 2014 ж. 1-2 қыркүйегі аралығында Ғылыми-баспа  орталығы «Әлемдік ғылымның басымдылығы: тәжірибе және ғылыми пікір- талас» атты V халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырады. Чарльстон, АҚШ

2014 ж. 16-17 қыркүйегі аралығында  II Халықаралық  «Заманауи ғылымдағы ең жаңа зерттеулер: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар» атты ғылыми- практикалық  конференция. Санкт-Петербург қ.

2014 ж. 7-8 қазан аралығында «заманауи филологияның даму перспективалары» атты X Халықаралық конференция. Санкт-Петербург қ.

2014 ж. 14-15 қазан аралығында « Әлемдік ғылым дамуының стратегиялары» атты VII Халықаралық ғылыми- практикалық конференция. Солтүстік Чарльстон. АҚШ

Магистранттар, ізденушілер, докторанттар, ғылыми қызметкерлер, студенттер қатысуға шақырылады.

Конференция тілі: орыс, ағылшын

3. 2014 ж. 6-7 қараша аралығында  Кемер обл. Әкімшілігі, РҒА СБ Кемерлік ғылым орталығы, СБ РҒА Тау- кен ісінінң институты және Т.Ф. Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университеті  «Сібірдің табиғи және интеллектуалды ресурстары, СИБРЕСУРС 2014»  XV Халықаралық ғылыми- практикалық конференцияға қатысуға шақырады.  Ресей, Кемерово қ.

4. 2014 ж. 9-10 қазан аралығында ҚР ІІМ  Көкшетау техникалық институты «Өрт қауіпсіздігінің көкейтесті мәселелері: ескертулер мен жағдайларды болдырмау» атты  V Халықаралық  ғылыми- практикалық конференцияға қатысуға шақырады. Көкшетау қаласы.

5. 2014 ж. 20 қазанында ««NADLoC» аймақтық құрылымды дамыту бойынша Ұлттық агенттігі» АҚ Ұлыбританияның  (UKTI) сауда және инвестиция департаментімен ынтымақтастықта, Шелл Қазақстан және Би Джи Қазақстан компаниясы жыл сайын қаржы- техникалық қамтамасыз ету саласында әрекеттесу бағдарламасы бойынша Қазақстан- Британ Форумын өткізеді. Манчестер қаласы, Ұлыбритания.

6. 2014 ж. 11 қыркүйегінде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда Өкілдігі Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсарту шараларына арналған семинарға қатысуға шақырады.

Мәскеу қ., Чистопрудный бульвары, 3 а.

Без рубрики