Университетке конференцияларға шақырулар келді


  1. «Ғылым» баспасы ҚР білім, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерін насихаттау және танымалдандыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырумен көп жылдар бойы айналысып келеді. Сол жобалардың ішінде үздік оқушылар, ұстаздар мен дәрігерлердің түйіндемелері мен портреттері жиналған «Надежды Казахстана», «Сердце, отданное детям», «Учитель – это призвание», «Во имя жизни» атты кітаптарды басып шығару.

Баспаның тағы бір қызық жобасы «Ғылымға арналған өмір. Қазақстан Республикасының ғалымдары. Жизнь в науке. Ученые Республики Казахстан» атты республикалық анықтамалықты жарыққа шығару болып табылады.

«Ғылым» баспасы сіздерді аталмыш ынтаны қолдап, жобаға қатысуларыңызды сұрайды және жоғары сапалы басылым шығаруға кепілдік береді.

Қосымша ақпарат ұйымдастыру комитетінде: алматы қ., Гагарин көшесі, 83.

  1. 2015 ж. 25 желтоқсанға дейін «INDEX CAPITAL GROUP» ЖШС бірінші академиялық провайдеры БД SCOPUS, THOMSON REUTER WEB OF SCIENCE журналдарында басып шығару үшін барлық пәндік салалардағы ғылыми қолжазбаларды қабылдайтынын жариялайды.
  2. 2015 ж. 12-14 қараша Қожа Ахмет Яссауй атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті Аманкүл Жақановнаның 70 жылдық мерейтойына арналған «21 ғасыр экологиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Орталық Азия, Түркия, Ресей, еуропа және құрама елдерінен қонақтар мен баяндаушыларды шақыру жоспарлануда.
  3. 2015 ж. 20 қараша ҚР Білім және министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы РФ Білім және министрлігі  Орал мемлекеттік педагогикалық университетімен бірге «Білім берудегі инновациялар:іздеулер және шешімдер»»атты ІІ халықаралық конференцияға қатысуға шақырады.
  4. 2015 ж. 29- 30 қыркүйекке дейін Т.Ф.Горбачев атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университеті «Ғылымның қазіргі жағдайына теориялық және тәжірибелік көзқарас» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
  5. 2015 ж. 5- 6 қараша ««Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан ғарыш компаниясы «Қазақстандағы ғарыш күні- 2015» атты жылсайынға халықаралық конференцияларға қатысуға шақырады.
  6. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС президенті Владимир Сергеевия Кимнің мерейтойына байланысты Сіздерді арнайы жобаға қатысуға, бірге жүзеге асырылған жобалар туралы, сіздердің ықтимал мүмкіндіктеріңіз туралы, сіздердің қызметтеріңіздің ерекшеліктері, бәсекелестік қабілеттеріңіз, корпарация және оның қызметкерлерімен ынтымақтастық туралы айтуға шақырады.
  7. 1-2 қазан Оңтүстік- батыс мемлекеттік университеті «Жастық және білім- табыс кепілі-2015» атты ІІ Халықаралық жастар ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.

Толық ақпарат Ғылым департаментінде (бас ғимарат, 226 б., 56-68-22, 2226)

Без рубрики