Университет шығармашылық үйірме қатысушыларының Теміртау қаласына баруы


2017 жылдың 17 наурызында Университет шығармашылық үйірмелерінің қатысушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы орталығы қызметкерлерімен Теміртау қаласына, ҚарМТУ-не оқуға түсуге, қала мектебі түлектерін тарту мақсатымен барды. Кездесуде алдымен оқушыларға ҚарМТУ туралы бейне-баян көрсетілді.
Кездесуге қатысқандар:
1. Қызыров Қайрулла Бейсенбайұлы – «Энергетикалық жүйе» кафедрасының профессоры, ҚР президенті Н.А. Назарбаевпен қызметтес;
2. Қасымов Абай Түсүпбекұлы – «Құрылыс материалдары және технологиялар» кафедрасының доценті, т.ғ.к.;
3. Бестембек Ербол Серікұлы — «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының доценті;
4. Калинин Алексей Анатольевич – «Өндірістік үдерісті автоматтандыру» кафедрасының аға оқытушысы;
5. Жұмабеков Марат Нығметжанұлы – «Кен аэрологиясы және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушысы;
6. Оразбеков Абай Қарғашұлы – «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының аға оқытушысы;
7. Омарова Айдана Ержанқызы – «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының оқытушысы;
8. Түсүпова Гүлзат Алиқызы – ҚарМТУ-нің кәсіптік бағдар беру жұмысы орталығының директоры.
Университеттің шығармашылық үйірме қатысушылары мектеп түлектеріне концерттік бағдарлама қойды:
1. Рашид Нұрай, Мет-13-4 тобының студенті (Машина жасау факультеті);
2. Нығыжан Нұрдәулет, ГПР-13-1 тобының студенті (Тау кен факультеті);
3. Ақашев Елнұр, ОП-15-4 тобының студенті (Жол көлік факультеті).

Без рубрики