«Әулие Валентин күнін тойлаған дұрыс па, бұрыс па?» деген тақырыпта дебат ойыны

2016 жылдың 14 ақпан күні ҚарМТУ – дың №1 жатақханасында «Әулие Валентин күнін тойлаған дұрыс па, бұрыс па?» деген тақырыпта дебат ойыны өтті.

Ерте заманда Рим императоры жарлығымен 14 ақпан «Әулие Валентин» күні деп жарияланады. Бұған себеп Валентин деген католик дінінің өкілі үйленуге болмайтын, бірақ бір-бірін сүйетін жандарды император жарлығына бағынбай,некесін жасырын қиып жүрген. Осы жайтты естіген император Валентинді түрмеге жабуға бұйрық шығарады. Католикші «монахтарға» діни негіздер бойынша үйленуге тыйым салынған. Бірақ оған қарамастан өзінің құмарлығына жол беріп, Валентин түрме басшысының қызымен кездесуге бел буады. Мұны байқаған қорғаушылар оны дарға асып өлтіреді. Содан бері  христиан дінінің католик тармағын ұстанатындар 14-ақпанды «Ғашықтар күні» деп тойлайды екен. Өйткені, олардың ойында «Валентин  махаббатың құрбаны болды» деген түсінік қалыптасқан.

Дебат ойыны барысында студенттер жақтаушы және даттаушы екі топқа бөлініп, осы мейрамға қатысты өз ойларымен бөлісті. Жақтаушы топ: «әрбір адам өзі біледі, оның санасына байланысты», — десе, даттаушы топ: «Жастарды дұрыс жолға салу керек. Басқа елдің мерекесін тойлағанша, өзіміздің 15 сәуірдегі «Қозы мен Баян» ғашықтар мейрамын атап өткен дұрыс. Расында да қазақи «Ғашықтар күнінің» болғанына қуанамыз. Бірақ бұл мереке пәктік пен шынайы сезімнің, құрмет пен отбасылық тіректің мейрамы болса игі. Жалпы қазақ болмысына тән қасиеттермен тойланса екен», — деп тамаша ойларын айтады. Дебат ойыны аяғында даттаушы топты жақтайтын студенттер саны көп болады. Бұл бүгінгі күні саналы жастар қатарының қөбеюінің көрсеткіші деп сенеміз.