Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында дөңгелек үстел

2016 жылдың 21 ақпанында Халықаралық ана тілі күніне орай ҚарМТУ-дың №1 жатақханасында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел өткізудің басты мақсаты – ана тіліміздің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып, үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, Отанын, тілін, салт – дәстүрін сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысында көптеген мәселелер айтылып, тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындап, басқа тілді меңгеруге ешқандай бөгет болмайтынын, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейтінін, өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуге басты себепкер – сол ана тіл екенін біліп, бірауыздан ана тілімізге жаңашырлықпен қарап, тілдің мәртебесін өсіруге атсалысу борыштары екендігі баса айтылды.

«Ана тіліміздің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?» деген сұраққа студенттер өз ойларын айтып, отырған қауымға да жеткізе білді. Сонымен қатар домбырада керемет күйлер шертіліп, ана тіліміз туралы мақал – мәтелдер айтылды.