Тілдер мерекесін атап өту

Халықтар достығы мен бірлігі біздің мемлекетіміз  үшін аса мәртебелі іс. Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың өз ана тілінде сөйлеп оны құрметтеуге, тілдесетін тіл таңдауға, тәрбие құралы мен әдістемесін таңдауға, өзі қалаған шығармашылықпен айналысуға толық құқығы бар. Мемлекетіміз өз халғының ашық аспан астында бейбітшілік пен бірлікте өмір кешуіне барлық жағдай жасауда.

2018 жылдың 21 қыркүйегінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жастар Әлемі» сарайында Қазақстанның Тілдер Күніне арналған іс- шара өткізілді. Бұл шараны «Шетел тілдері» кафедраасы ұйымдастырды. Ұйымдастыру төрайымы кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Джантасова Дамира Дулатовна және кафедрадағы тәрбие жұмыстарына жауапты аға оқытушы  Изотова Айгерім Серікқызы.

Аталмыш шара студенттердің шетел тілін оқуға деген қызығушылығын арттырып, өз ана тілімізге деген тағзымды арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Қазір Қазақстандағы тілдік саясат елімізде өмір сүріп, тұрып жатқан барлық этникалық топтардың мәдени мұрасын дамытуға бағытталған. Сондықтан Қазақстанда мекен ететін барлық  ұлттардың, этностардың тілі мен дініне қарамастан, олардың тілге деген құрметі мен зор махаббатының көрсеткіші ретінде мемлекетіміздің Президенті Н.А.Назарбаев 22 қыркүйекті қазақстан Республикасының Тілдер күні деп жариялады.

Ата заңымыз Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдеріне ана тілін оқып- үйренуге, шетел тілін таңдауға, таңдаған тілде қарым- қатынас жасауға, сөйлесуге, шығармашылығын дамытуға  толық құқық береді. Бқл дұрыс та, себебі тіл тәрбие құралы және адамдар арасындағы қатынасты тұрақтандыратын  тіреу. Ал, Тілдер күні- еліміздегі барлық халықтың достығын, бірлігі мен бірауыздығын реттейтін мереке.

Тіл- достықтың, бірліктің қазығы, адамдардың ұлтқа, дінге қарамай ауызбірлікте болуына ықпал ететін ерекше құрал.

Мерекелік шараны жүргізушілер (Бауртай Ерболат  және Алпысбаева Жадыра, БТ-18-1тобының студенттері) 3 тілде сөз сөйлеп ашты. Осыдан кейін Қазақстан Республикасының Гимні ойналды.

Шара барысында университетімізде білім алушы 1-2 курс студенттері өз өнерлерін сахнада көрсетіп, қазақстанда тұрып, өмір сүріп отырған халықтардың ән- күйін, биін келуші қонақтарға паш етті. Ән- күйдің әсерлі шыққаны сондай көрермендер сүйсіне тыңдап, ұзақ қол шапалақтады.

Бт-18-2 тобының студенті Дәрібаева Жаннұр қазақ тілінде « Мереке» атты әнді өз нақышында айтса, Арх-18-3 тобының студенттері  Вахитова Альмира мен Бородулин Владлен әндерін гитараның сүйемелдеуімен айтты, ал НВП- 18-1 тобының студенті Асылбек Нұсрболат және БТ-18-4 тобының студенті Николаева Зарина осы мерекеге арнап шығарған өздерінің өлең жолдарын арнады.

Сонымен бірге ЭЭ-18-1 тобының студенті Ермекова Меруер, БТ-18-4 тобының студенті Иванова София, БТ-18-3 тобының студенті Бозкенова Аяжан ағылшын және қырғыз тілдерінде ән салып, кеш әуенін шарықтатты.

Әнмен қоса кеш қонақтары қазақ, испан, грузин, орыс билерін де тамашалады.

Кеш аяғанда жүргізушілер қатысушалар мен кеш қонақтарын тағы да мерекемен құттықтап, оларға мақтау қағаздары мен алғыс хаттарын табыс етті. Бұл көрермен тамсанған, студенттер шабыттанған, өз өнерлерін кһрермен алдында паш еткен өте бір қізіқті да тартымды шара болды. Барлығына көп алғыс!!

Без рубрики