«Тілдер көп- әлем бір 2015» БҰҰ бастамасының шеңберінде студенттік эссе жарысы


БҰҰ-ның ағылшын тілін оқыту орталығымен (ELSEducationalServices, Inc.)  бірге қабылданған  «Академиялық орталармен байланыс»  бастамасының  шеңберінде «Тілдер көп- әлем бір 2015» эссе жарысы өткізіледі.

Жарысқа қатысуға колледж және университеттердің 18 жастағы және одан жоғары күндізгі бөлімінде білім алатын студенттері шақырылады. («Тілдер көп- әлем бір 2015» бағдарламасы туралы ақапарат ManyLanguagesOneWorld.ELS.edu сайтында)

Эссе тақырыбы күн тәртібіндегі  БҰҰ-ның 70 жылдық мерейтойының мәнмәтінінде 2015 жылдан кейінгі даму саласымен және мәдени, тілдік көптүрлілік әсер етететін жаһандық тұрақты даму қажеттіліктерін көрсететін мақсаттарды анықтаумен байланысты болуы қажет. Сондықтан, жарысқа қатысам деуші студенттерге осы тақырып бойынша ақпарат алу үшін http://sustainabledevelopment.un.org сайтына кіруді ұсынамыз.

Жарысқа ұсынылатын эссе БҰҰ-ның, қатысушының туған тілі және оның мектепте білім алған тілі болып табылмайтын  кез-келген бір ресми тілінде жазылуы тиіс. Эссе көлемі 2000 сөзден аспауы тиіс. (Біріккен ұлттар ұйымының ресми тілдері: ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз).

ЖОО оқытушысы немесе білім ордасының басқа өкілі қатысушының күндізгі бөлім студенті екенін дәлелдейтін  және ешқандай академиялық қарызы жоқ екендігін дәлелдейтін, сонымен қатар эссе оның туған тілінде немесе оның мектепте білім алған кезіндегі оқу тілі болмаған тілде жазылғандығын, және де бұл қатысушының өзіндік жұмысы екенін дәлелдейтін құжат толтыруы қажет. Эссе ManyLanguagesOneWorld.ELS.edu сайтына MS Word үлгісінде 2015 жылдың 25-ші наурызынан, солтүстікамерикалық шығыс уақыты бойынша  сағ 23:59-дан кеш емес жіберілуі тиіс.

Қазылар алқасы жарыстың 70 жеңімпазын анықтайды- БҰҰ-ның ресми 6 тіліндегі 10 эссе және қалған эсселерден қай тілде жазылғандығына қарамай 10 эссе таңдалады. Жеңімпаздар 2015 ж. 20- 26 шілде аралығында әр түрлі іс-шараларға қатысуға Нью-Йорк қаласына шақырылады. Сонымен қатар, олар БҰҰ-ның штаб-пәтерінде өтетін тілдік, мәдени көптүрлілік және  жаһандық азаматтық мәтініндегі  тұрақты даму саласындағы  күн тәртібіне арналған   әлемдік жастар форумына қатысады.  Бұған дейін олар Ағылшын тілі орталығы қаржыландырған және ұйымдастырған Адельфи университетіндегі студенттік дайындық конференциясына қатысады.  (ELSEducationalServices, Inc.).

Дайындық конференциясының барысында жеңімпаздар өз тілдік топтарында студенттер мен жергілікті тұрғындар жүзеге асыра алатын  БҰҰ-ның күн тәртібіндегі 2015 жылдан кейінгі кезеңдегі даму саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру  жоспарын құрып,жұмыс жасайды. Бұл жоспарлар Әлемдік жастар форумында БҰҰ-ның штаб- пәтерінде көрсетіледі. Жеңімпаздар өз эсселерінің мәтінін іс-шарада оқымайды және көрсетпейді.

ELS ағылшын тілін оқыту орталығы қатысушының тұратын жеріне жақын әуе тасымалын таңдап оның Нью-Йоркқа жету және қайтуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар конференция аяқталғанша оның көшу, орналасу және тамағының ақысын өтейді.  Сонымен қатар, ELS  жеңімпаздарға экскурсия ұйымдастырады. Конференцияға қатысу мерзімі ұзартылмайды. Жеңімпаздар барлық құжаттарын өздері дайындайды, оның ішінде төлқұжат және виза толтыру, толтыруға байланысты шығындарды төлеу, сонымен қатар АҚШ жеріне бару үшін медициналық сақтандыруды қамтамасыз етуді өздері жасайды. ELS барлық жеңімпаз студенттерге базалық туристік сақтандыруды және қайғылы оқиғалардан сақтандыру полисін қамтмиасыз етіп, олар үшін сақтандыру ақысын төлейді.

Барлық қатысушылар БҰҰ-ның ағылшын тілін оқыту орталығымен (ELSEducationalServices, Inc.)  бірге ұйымдастырған «Академиялық орталармен байланыс»  бастамасының  шеңберінде өткен БҰҰ 70 жылдық мерейтойының қарсаңындағы әлемдік жастар форумына қатысқандығы жөнінд  ELS сертификатын алады.

Қатысу шарты студенттердің Адельфи университетін және БҰҰ- мын жауапкершіліктен босатуы болып табылады. Яғни, қатысушылар форумды ұйымдастырушы ELS екенін мойындап, университет және БҰҰ территориясында болған кезеңдегі кез-келген келеңсіз жағдайға адкльфи университеті де, БҰҰ да жауапкершілік артпайтынына келісулері тиіс.

Қатысуға өтініш беру барысында қатысушылар шектеулі жауапкершілік және құқықтарын беру туралы ережемен танысқандығын, онымен келісетіндігін растаулары тиіс.

Эссе жарысы жайлы қосымша  ақпаратты (ағылшын тілінде)  сілтеме бойынша алуға болады:  http://www.els.edu/en/ManyLanguagesOneWorld

 

Без рубрики