Тілдер күніне арналған мерекелік бағдарлама


2017 жылдың 21 қыркүйегінде «Армандастар Ордасы» жатақханасының алаңында  жастардың бойына Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының тілдері мен салт-дәстүрлеріне, мәдени мұрасына құрметпен қарау мақсатында тілдер күніне арналған мерекелік бағдарлама өткізілді. Шараның ұйымдастырушы ретінде «Армандастар Ордасы» жатақханасының студенттер кеңесі сөз сөйледі. Концерттік бағдарлама аясында Қазақстанда тұратын түрлі халықтың дәстүрлерінен әр қабаттың өкілдері шығармашылық нөмерлерін көрсетті.

Без рубрики