Thomson Reuters компаниясы орыс тіліндегі Web of Science платформасын іске қосатынын жариялайды


Мәскеу, Ресей, 2015 жыл 12 қараша – бизнес және кәсіби мамандарына арналған интеллектуалдық ақпаратты таратушы Thomson Reuters компаниясының Intellectual Property and Science бөлімшесінің өкілдері орыс тіліндегі Web of Science ғылыми басылымдар мен патенттердің мәліметтер базасының іске қосылатыны туралы бүгін мәлімдеді.
Орыс тілі бұл платформаның жетінші тілі (ағылшын, испан, қытай, корей, португал және жапон тілдерінен кейінгі) болды. Бұл жаңашылдық ТМД елдері қолданушыларына қызмет көрсетудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
7000 –нан астам зерттеушілік ұйымдар және 120-дан астам ел ғалымдары өз зерттеу жұмыстарын жасау үшін әлемнің ғылыми-зерттеу жұмыстарын дәйексөздеу мәліметтер базасына рұқсат алу мақсатында Web of Science платформасын жиі қолданады. Олардың арасында – Ресейдің 300-ден астам ұйымдарында он мыңнан астам зерттеушілер, сонымен қатар Қазақстан Республикасы және ТМД басқа елдерінен 300- ден астам ұйымдар.
«Web of Science платформасы жарты ғасырдан астам уақыт бойы көптеген зерттеушілердің жұмысына елеулі үлесін қосып келеді,- дейді Ресей және ТМД елдеріндегі Thomson Reuters компаниясының директоры, Петр Марчевски.- Ол әр түрлі пәндер бойынша расталған мәліметтерді қол жетімді етеді және студенттер, оқытушылар мен зерттеушілерге зерттеу жұмыстарын тиімді етуге қажетті құрал ұсынады. Біз ғылыми ауымдастықтың орыс тілді бөлігіне біздің платформамыздың қолданылуының ығайлырақ бола түскеніне қуаныштымыз».
Web of Science қолданушылары үшін платформаның барлық қызметтері орыс тілінде қол жетімді, соның ішінде жүйе қызметінің маңызды қосымшасы- Web of Science –ты қодану бойынша толыққанды нұсқама бола алатын, ақпараттық бөлім де қол жетімді.
Web of Science туралы толық ақпарат http://wokinfo.com/ немесе http://wokinfo.com/russian адресі бойынша қол жетімді.

Без рубрики