Технологиялық серпілістің әлеуметтік кепілі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бес әлеуметтік бас­тамасын «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іс жүзінде жүзеге асырудың сенімді платформасы деп айтуға негіз бар. Әлемдік қаржы дағдарысы кезінде бұл ­бас­тамалар қазақстандық қоғам үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың қуатты драйвері болды. 28.09.2018 438 Facebook Twitter Google+ Pinterest Vkontakte Telegram Жаңа индустрияны қалып­тастыру үшін бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау, цифр­лы технологияларды дамыту жоғары технологиялық бі­лім беру жүйесінің сапасын ай­тар­­­лықтай арттыруға, еңбек на­ры­ғының талаптарына сәйкес кә­сіптік стандарттарды және өн­дірістегі оқытуда әлемдік озық тәжірибені жаңартумен, ме­таллургия, мұнай-газ химия­сын, АПК, био және IT-техно­ло­­гияларын байыпты дамытумен байланысты. Президенттің тап­сырмасы бойынша ел Үкі­меті 2018-2019 оқу жылына жо­ғары білімді мамандарды, сон­дай-ақ магистранттар мен PhD док­торларын даярлауға 68 мыңнан астам грант бөлді. Оның ішінде Елбасының бес әлеу­меттік бастамасы аясында 20 мың қосымша грант бар. Со­нымен қатар техникалық ма­­­­ман­дықтарға 11 мың грант бөлінді. Мемлекет басшысының әлеу­­меттік бастамаларын жү­зеге асыру мақсатында Білім және ғы­лым министрлігінің қа­былда­ған ша­раларының арқа­сында, ҚарМТУ-дағы жаңа оқу жылына 4 мыңнан астам студенттер, магистранттар мен докторанттар қабылданды. Сту­денттердің жалпы контингенті 12 мың адамға дейін өсті. Соны­мен бірге 5,2 мыңнан ас­там адам мемлекеттік білім беру грант­тары бойынша білім алады. Олар­дың ішінде «Сер­пін-2050» бағ­дарламасы бойын­ша 1 мың­нан астам бакалавр, 1,5 мың магистрант және докторант бар. Контингент санының артуы өз тарапынан студенттік жатақ­ханада проблемаларды шешуге деген сұранысты ар­ттыра түсті. Сондықтан жатақ­ханаларда орын жетіспеушілік мәселесін шешуге байланыс­ты Президенттің тағы бір ма­ңызды әлеуметтік бастамасы, әсіресе ҚарМТУ студент­тері тарапынан қызу қолдау тап­ты. Университеттің жа­тақ­­­хана­ларында орын жетіс­пеу­­­шілігі «Серпін-2050» бағ­дарламасы бо­йынша оқитын студенттер мен шетелдік сту­денттердің саны жыл сайын артуына байланысты туын­дап отыр. Университет бұл жағдайда мемлекет-жекемен­шік әріптестігі аясында университет аумағында 400 орындық жаңа студенттік жатақхана салу жобасының жобалық-сметалық құжаттарын бекіту және жобаны жүзеге асыру бойынша бел­сенді жұмыс жүргізіп жатыр.  Жоғары білім сапасын арттыру үшін Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ада­ми, ғылыми, білім беру және өндірістік әлеуетке ие. Универ­ситетте ақ­парат­тық технологиялар, робот техни­касы, авто­мат­тандыру, нанотехнологиялар саласында тиісті білім беру бағдарламаларының кең ауқымында көптеген гранттарды тиімді дамытудың барлық мүмкіндігі бар.  ҚарМТУ-дың білім беру бағ­дар­ламаларын жобалау және бағалау үшін Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру бағ­­дарламаларының тізілімі» ақ­параттық-талдамалық жүйе­сі­нің 27 мамандық бойынша әзір­леуші бас оқу-әдістемелік бір­­лестігі екенін айта кету керек.  Индустрияландыру кар­та­сы­ның жобаларын іске асы­ру бойынша мамандар даяр­лау және облыстың жетек­ші кәсіп­орындарымен цифрлы техно­логиялар мен «Индус­трия 4.0» элементтері негі­зін­де инновациялық ғылы­ми-зерттеу жұмыстарын ен­гізу үшін өндірістік өзара іс-қи­мыл басты басымдық. Мем­лекет басшысының бастамасы арқасында, 2015 жылы ҚарМТУ ИИДМБ-2 инженерлік кадрларын даярлау бойынша негізгі ЖОО-ның бірі болды. Үш жыл ішінде Қазақстан эконо­микасы үшін негізгі тау-кен металлургиялық кешенін технологиялық жаң­ғыртуға байланысты 9 маман­дық бойынша 435 бейінді магистр дайын­далды және жұмысқа тартылды. Сұранысқа ие мамандарды даярлаудың бұл бағыты қарқынды дамып келеді: бүгінде университет әлемнің алдыңғы қатарлы 23 университетімен және 45 трансұлттық және ұлттық компаниямен бірге әріптестік негізде контингенті 546 адамды құрайтын бейінді магистратураның 16 жаңа білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Мамандарды даярлау бейіндік магистратураның жаңа тәжірибелік-бағдарланған білім беру бағдарламалары шең­берінде «Университет – жұмыс беруші – магистр» үш­­жақты келісімі бойынша жүзеге асырылады. QS-WUR әлем­дік рейтингінің 500-ші қата­ры­на кіретін Құрама Штат­тар мен Еуропалық одақ­тың, Ресей­дің ғылыми-техни­калық уни­верситеттері, сондай-ақ «Қазақ­мыс Корпо­рациясы» ЖШС, «Арсе­лор Миттал Темір­тау» АҚ, «Шұ­баркөл ­кө­мір» АҚ және бас­қала­ры жаңа фор­ма­циядағы мамандарды дайын­даудағы ҚарМТУ-дың әріптестері.  Әлемге танымал трансұлт­тық кор­порациялар TOTAL, Schneider Electric, Mitsubishi Electric, FESTO, Leica Geosys­tems, Epam Sys­tems және FLUOR қатысуымен мамандар даярлау сапасын арттыру мақ­сатында оқу үрдісіне соңғы ғылыми және техникалық құралдармен жабдықталған ин­женерлік құзыреттіліктердің 7 орталығы құрылды және тартылды. Бұдан басқа, биыл универ­ситетте құрамына 50-ден астам ғылыми-зерттеу институт­тары, ғылыми зертханалары мен инно­вациялық орта­лықтары кіретін 4 ірі ғылы­ми-таным­дық кешендер – «Индустрия 4.0», «Цифр­лы машинажасау», «Нано­техно­логия және металлур­гия» және «Био­ин­женерия» құрылды. Н.На­­зарбаев бөлген Ұлттық қор­дың қаражатына АҚШ, Ұлы­бри­тания, Нидерланд, Жапо­ния, Франция, Германия және Швейцарияның жетекші компа­нияларының бірегей жаб­дық­тары мен кәсіби бағдар­ламалық кешендерімен (Mac­romine, ETAP Operation Tech­no­logy, Auto CAD және басқа), сонымен қатар оқу, ғылыми кешендер және әлем­дік өнді­рушілердің (FESTO, Schneider Electric, Mitsubishi Electric, Leica Geosystems, Agilent Techno­logies және басқа) өнер­кәсіптік құралдармен жаб­дық­­талған 4 әлемдік деңгейдегі оқу және ғылыми зертхана құ­рылып, оқу үдерісіне енгізілді.  Университеттің «EPAM Sys­tems» ғылыми-зерт­теу зерт­­­ха­на­­сында халық­ара­­­­лық стандарт бойынша бағдар­­ламашы­лар­­ды дайын­­дау перс­пекти­ва­лық мо­де­лі жүзеге асырылуда. ҚарМТУ «Индустрия 4.0» көш­­бас­­шыларының бірі – «FES­TO»­ концерннің қол­дауы­мен «SINERGY» универ­ситет­тің ға­лымдары, докторантта­ры мен ма­­гистранттары «FESTO», «Sch­neider Electric» және «Mit­su­bi­shi Electric» жаб­дық­тарында «Ин­дус­трия 4.0» элемент­терін енгізу үшін механикалық же­лі­ге ар­налған басқару жүйесін әзір­ле­ді. Тау-кен жұмыстарының қа­уіп­сіз­дігін тиімді қамтамасыз ету үшін ССКӨБ карьерлерінің цифр­­лы моделі әзірленді, «Шұ­бар­көл көмір» АҚ тау-кен экскаваторла­рына қашықтан мониторинг жүргізу жүйесін табысты енгізді.  Құрамында 70-тен астам жүйе құ­рушы кәсіпорындар мен ғылыми ор­талықтардан тұратын «Арселор Миттал Теміртау», «Қазақмыс», «Со­­­­­колов-Сары­бай кен-байыту өндірістік бірлес­тігі», «Шұбаркөл көмір», «Бо­гатырь көмір» және басқа алпауыт кәсіпорындар ҚарМТУ базасында жұмыс істейтін «Корпоративті Университет» инновациялық-танымдық консорциумы мамандарды дайындау үдерісінде ғылымды, білім беруді және өндірісті тиімді ықпалдастыруды қамта­масыз етеді. Консорциум туралы келісім және үш­жақ­ты келі­сімдерге сәйкес, кә­сіп­орындар студенттерді кәсіби және зерт­теу тәжірибелері, курс және дипломдық жобалар жүзеге асырылатын заманауи ма­териалдық-техникалық ба­замен қамтамасыз етеді. 60 өн­дірістік бөлімде жүзеге асырылатын оқу үдерісінде жыл сайын кәсіпорынның 350-ден астам жетекші мамандары қатысады.  БСҚА өткізген үздік техни­калық университеттердің ұлттық рейтингінің қорытындысы бо­йынша ҚарМТУ «Студенттерді оқыту нәтижелері бойынша көш­басшы» және «Ғаламтор кеңіс­ті­­­гінде университетті алға жыл­жы­тудағы көшбасшы» но­ми­на­циялары бойынша 1-орын алды. Университет Erasmus+, SINERGY, УШОС, Конфуция инс­ти­тутының халықаралық ғы­лыми және білім беру жо­ба­­ла­рына белсенді қа­тыса­ды, 154 халықаралық келісім­шарт,­ ынты­мақтастық туралы меморандумдар аясында білім және ғылым сала­сын­дағы 24 елдің алдыңғы қа­тар­лы универ­си­тетімен өзара келісімдер жүр­гізеді. Атап айтқанда, ҚарМТУ бар­лық әлемдік компания­лар мо­йындаған «Тау-кен инженері» біліктілігін алу үшін тау-кен және техникалық білім сала­сын­дағы халықара­лық құзы­рет­тілік орталығының Бақылау ке­ңесінің мүшесі. Орта­лық ЮНЕСКО қам­қорлығымен Санкт-Петербург тау-кен уни­вер­­си­теті базасында құрыл­ды және халықаралық стан­­дарт­тарға сәйкес кен өнді­руші маман­дарды даярлау, бі­лік­­ті­лі­гін арттыру және сер­ти­фи­кат­тау­­ды қамтамасыз етуге арналған. ММХҚИ-мен MBA және DBA бағ­дарламалары ЖОО аралық білім беру орта­лы­­ғы аясын­­да тау-кен және ме­­­тал­лур­гия са­ла­сындағы топ-ме­нед­жер­­лерді оқы­ту сала­сын­дағы ынты­мақ­тас­тық туралы ке­лісімге қол қойылды. Бәсекеге қабілетті инже­нер­лік кадрларды даярлаудағы қол жеткізген жетістіктер Қара­ғанды мемлекеттік техни­калық университетінің профессор-оқы­тушылар құрамы мен студент­тері Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың тәуел­сіз Қазақстанның әлеу­меттік-экономикалық және техно­ло­гиялық жаңғыруы туралы берген тапсырмасын өнімді және сапалы орындауға бағытталғандығын көрсетеді. Президенттің жаңа стра­тегиялық маңызды әлеуметтік бастамаларын іске асыру – Нұр­сұлтан Әбішұлы инженерлік білім негіздерін алған, сонымен қатар Almamater-ге келгеннен кейін Құрметті қонақтар кітабына: «Мен осы оқу орнын­да – бүкіл Қазақстан үшін инже­нер кадрларының ұстаха­на­сын­да оқығанымды мақтан ете­мін», деп жазғаны Қара­ған­ды мемлекеттік техникалық уни­­вер­ситеті үшін ерекше құрмет.  Марат ИБАТОВ, ҚарМТУ ректоры,  техника ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты

Толығырақ: https://egemen.kz/article/175167-tekhnologiyalyq-serpilistinh-aleumettik-kepili
МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!