«Технологияларды коммеруиялау орталығы» ЖШС дөңгелек үстел және конференцияларға қатысуға шақырады

1. 2015 ж 5 қарашаға дейін ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру және ғылыми, ғылыми -техникалық іс-әрекет нәтижелерін коммерциялау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Технологияларды коммеруиялау орталығы» ЖШС дөңгелек үстел және конференцияларға қатысуға шақырады.

2015 жыл 19 қараша «Технологияларды коммерциялау» жобасының екінші компонентін жүзеге асыру шеңберіндегі технологиялық тексеруінің қорытынды нәтижелері тақырыбында дөгелек үстел.

2. 2015 жыл 10- 11 желтоқсан Қазан мемлекеттік энергетика университеті «Отын-энергетикалық кешені және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтағы құрал жасау және автоматтандырылған электр жетек» атты І Поволжье ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырады.

Конференция бағдарламасында бес бағыт бойынша баяндамалар ұсынылады:

«Электроэнергетика және электроника», «Жылу энергетикасы», «Ақпараттық қамтамасыз ету», «Экономика ерекшеліктері және заманауи жағдайдағы басқару», «Мамандарды дайындаудың әлеуметтік- гуманитарлық аспектілері».

3. 21 қазан Инновацияларды мемлекеттік қолдау құралдарын дәріптеу мақсатында «Сары Арқа технопаркі» ЖШС индустриалды- инновациялық іс-әрекетті мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібін түсіндіру бойынша білім беру семинарларын өткізуді жоспарлауда.

Толық ақпарат Ғылым департаментінде (бас ғимарат, 226 б., тел 56-68-22, ішкі 2226)

Без рубрики