“Technology in the classroom” үйретуші семинары


2016 жылдың 22 желтоқсаны күні ҚарМТУ-дың 1-ші корпусының 433 аудиториясында америкалық оқытушы Taryn U’Halie тарапынан ОжШТ кафедрасының  оқытушыларына арналған  ағылшын тіл пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануға қатысты “Technology in the classroom” семинарын өткізді.

Соңғы жылдары ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануға қажеттілігі жайында жиі айтылып жүр. Бұл тек заманауи ақпараттық құралдарды сабаққа енгізуге ғана емес, сондай-ақ дәріс берудің жаңаша формалары мен оқыту технологияларына да қатысты.

Мультимедиялық құралдарды қолдана отырып, дәріс беру студенттердің пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың тілді білу дәрежесін анықтап, деңгейлеуге, бейімдерін анықтауға мүмкіндік беру. Компьютерлік бағдарламалар тілді үйренушімен «сұхбаттасу» арқылы коммуникативті-диалогтік режимде, түрлі графикалық кескіндерді, сөйлеу және дыбыстау мүмкіндіктерін қолдану мүмкіндігін ұсынады.

Компьютер экранда елдер жайлы, қоршаған орта, құбылыстар жайлы мәліметтерді визуалды әрі аудиалды түрде көрсетіп, студенттердің тілдік қызметін дамытады. Сондай-ақ түрлі-түсті суреттер, кескіндер тілдік құбылыстарды түсіндіруге, дыбысталуы мен жазылымын үйренуге ықпал етеді.

Семинар барысында барлық оқытушылар америкалық ұстаз ұсынған тапсырмаларды белсенді әрі қызыға орындап, бүгінгі таңда тілді үйретуде қолданылып жүрген ақпараттық технологияларға қатысты сұрақтарға жауап алды. Семинар соңында оқытушыларға сертификат берілді.

Без рубрики