Тау-кен ісі және электроэнергетика саласында отын-энергетикалық кейстерді шешу бойынша Бүкілресейлік біріншілік

19 наурыз 10:00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Бүкілресейлік отын-энергетикалық кейстерді шешу бойынша біріншіліктің тау-кен ісі және электроэнергетика саласында іріктеу кезеңі өтеді.

Бүкілресейлік отын-энергетикалық кейстерді шешу бойынша тау-кен ісі саласындағы  біріншілік бірінішілік жобасының негізі және оның жеке бір бөлшегі болып табылады. Тау-кен ісі лигасының кезеңдері Ресейдің 19 және Қазақстанның бір университеті – ҚарМТУ-да өтеді. Қатысушылар- тау-кен ісі бағыты бойынша білім алып жатқын 1000 астам студенттер мен аспиранттар.

Электроэнергетика лигасына электроэнергетика саласының 500- ден астам студенттері қатысады. Лига кезеңдері Ресейдің 15 университетінде және алғаш рет Қармту-да өтеді.

Бірінішілік  оқытудың ең заманауи техникасы — бизнес- кейс негізіне енген, кен өндіруші сектордың өзекті білім жобасы болып табылады. Қатысушылар шынайы өндірістік- қаржылық жағдай негізінде нақты бір өніркәсіпорынының инженерлік мәселелерін шешудің өзіндік жолдарын ұсынулары қажет.

Эксперттік қазылар алқасының қрамына кен өндіруші мекемелердің, ғылыми- және білім беру ориалықтарының алдыңғы қатарлы эксперттері, салалалық эксперттер және бизнес-кейс бойынша мамандар кіреді.

Жоба мақсаты- тау-кен жне электроэнергетика саласында мамандар дайындайтын Қазақстан және Ресейдің алдыңғы қатарлы университеттерінің белсенді, дарынды және мақсатты студенттерін анықтау және қолдау.

Жоба ұйымдастырушысы- «Тау-кен ісі лидерлерінің жастар форумы»

Бірінішілк серіктестері: Тау-кен ғылымдарының академиясы, Ресей ғылым академиясының В.И.Вернадский атындағы мемлекеттік геологиялық мұражайы, «Глобальная энергия» коммерциялық емес серіктестігі, Әлемдік тау-кен конгрессінің ресейлік ұйымдастыру комитеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті.

Жобаға тек екі жыл болғандығына қарамастан ол қарқынды дамып, өз географиясын кеңейтуде.

Бүкілресейлік отын-энергетикалық кейстерді шешу бойынша біріншіліктің тау-кен ісі және электроэнергетика саласында іріктеу кезеңі ҚарМТУ-да бас ғимараттың №337 және  №338 бөлмелерінде өтеді.

Іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен топтар 2015 ж. 30 мамыр- 2 маусым аралығында Мәскеуде РҒА В.И.Вернадский атындағы мемлекеттік геологиялық мұражайында өтетін ақтық сайысына қатысады.