«Тарих- ғасырлар куәсі» атты зияткерлік сайыс


2015 жылдың 3 желтоқсанында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Тұңғыш Президенттің күніне орай ҚарМТУ №1 жатақханасында «Серпін- 2050» бағдарламасы бойынша оқуға түскен студенттердің және Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Тарих- ғасырлар куәсі» атты зияткерлік сайыс өтті. Аталмыш сайыстың мақсаты студенттерге қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру және болашаққа бағдар беруге баулу болып табылды. Бұл сайыста «Болашақ», «Жас ғалым» және «Алаш» топтарын құраған студенттер тарихымызды еске түсіру арқылы өз білімдері мен біліктіліктерін көрсете білді. Зияткерлік сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1. Жүзден жүйрік
2. Сандар сөйлейді
3. Тарихқа саяхат
Аталмыш зияткерлік сайыста «Болашақ» тобы жеңіске жетті. Іс- шараның әділқазылар алқасын «Серпін- 2050» оқу орталығының жетекшісі Жетпісбай Шолпан Аханқызы, Кураторлар Кеңесінің төрайымы Смагулова Нұрбибі Абсадықовна, тарих кафедрасының оқытушысы Шолпан Мейрамқызы құрады.

Без рубрики