Оқу-әдістемелік жабдықталу

Оқу үрдісі кезінде студент базалық және профильдік пәндердің міндетті және қосалқы пәндерін оқиды. Осы пәндер бойынша тәжірибелік, зертханалық және курстік жобаларды орындау үшін кафедрада мемлекеттік және орыс тәләндегі керекті оқу-әдістемелік әдебиет бар, сонымен қатар студент ҚарМТУ кітапханасынан кафедра оқытушыларының жасаған мультимедиалық электронды жұмыстарын таба алады.

Оқу үрдісі кезінде студенттер танысу, мамандырылған геологиялық-түсірілім және кәсіпорындық тәжірибелерін өтеді.

Оқу танысу тәжірибесі 2 семестрдің аяғында өткізіледі.Студенттер тәжірибе жетекшісімен Қарағанды қаласы мен облысындағы орналасқан атақты пайдалы кен орындарға барып, олардың геологиялық құрылысы мен генезисімен танысады.

Мамандырылған геологиялық-түсіру тәжірибесі 2 курсы бітірген студенттергеСДЛ «Политехникте» өткізіледі. Геологиялық тәжірибеде студенттер ауданда космосуреттер, топографиялық карталар арқылы бейімделуге үйренеді, сонымен қатар геологиялық объектерді айыра білу, олардың сипаттамаларын, морфологиялық қасиеттеріменн біліп танысу.

Кәсіпорындық тәжірибеде студент геологиялық жұмыстардың көлемділігімен танысады. Кен орында геологиялық жұмыстарды өткізгенде техникалық қауіпсіздігімен, еңбек қорғауымен танысады. Әр тәжірибеші сәйкес түрлі сұрыптауға сынақ алады, маршруттарға шығып координаттарды түсіреді. Камералдық жұмыстарда студент барлық алған мәліметтерді милимитровкаға түсіреді. Содан кейін осы жұмыс қорғауға өткізіледі.

Кафедра аспиранттар мен докторанттар консультациясына лекция оқыту үшін басқа университеттерден жетекші ғалым педагогтерді шақырады. Әр түрлі жылда студенттер мен кафедра қызметкерлеріне лекция оқу үшін шақырылған: проф. Арцыбашев В.А. (Ленинград тау кен институты), Маловичко А.К. (Пермь мемлекеттік университеті), проф. Старчик Л.П. (Атом энергиясының институты Мәскеу қ.),геолого-минералогиялық ғылымдарының докторы – Пономарев В.Н., Возженников Г.С., Уткин В.И., Бахвалов А.Н., Кошелев И.П.

- Техникалық жабдықтау. Кафедра сабақты жоғары деңгейде өткізу мен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде мүмкіндік беретін жаңа жабдықтармен жабдықталған.

2008 жылы кафедраға бақылау,фотоға түсіру мен видео жоба объектілерін поляризацияық жарықты бақылау үшін зертханалық поляризациондық микроскоп ПОЛАМ Л-213 әкелінген,поляризациондық микроскоп ПОЛАМ Р-312 қалыпты жарықта түсті объектілерді зерттеуге арналған.

Бүгінде біздің түлектерді Қазақстан,Батыс Сібір,Татарстан өндірістерінде,Тверь мен Мәскеудің ғылыми мекемелерінде Қазақстан, Ресей, АҚШ, Голландия,Канада университеттерінде кездестіруге болады.

Кафедра ұстаздарымен оқу әдістемеліктері мемлекеттк және орыс тілдерінде шығарылған.2 монографиясы шығарылған. (профессор Біләлов Б.Д.).

- Оқулық –өндірістік және диплом алдындағы практикаға студенттерді дайындау ,оқу үрдісі кезінде жүйені қамтамасыз ететін басты элемент болып табылады.

Бірінші оқу практикалық геология траекториясы бойынша СОЛ «Политехник» (Қарқаралыда) жүргізіледі,ол кезде студенттер геологиялық объектілерді оқып жыныс генезистерімен танысады.

Өндіріс пен диплом алдындағы практика мақсаты іздеу өндірісімен,іздеу бағалаумен пайдалы кен орындарында тау жыныстарын барлау жұмыстарымен ,өндірісінің технологиялық үрдісімен танысу болып табылады. Практика мына компанияларда жүргізіледі: АО «Алюминий Казахстана», УД АО «Арселор Миттал Темиртау», ТОО «ЦентрГеолСъемка».

Тау-кен инженер геологтарын мемлекеттік тілде оқыту 1993 жылдан басталды.

Біздің мамандықтағы студенттерге арналған пәндер ішінде 10 шақты спецкурстар өңделген.

Ғылыми жобасыз бакалавриаттарын және магистранттарын сапалы дайындау мүмкін емес.Қазіргі кездегі дамып жатқан,ғылыми бағыттар , практикалық секілді теоретикалық тапсырмаларымен тығыз байланысты.