«Taiburyl» АҚ «Ай сайынға шәкіртақы» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдауының ашылғандығын жариялайды


Жарысқа бакалавриат бағдарлаасы бойынша білім алып жатқан студенттер қатыса алады. Шәкіртақы  саны- 250, оның  ішінде 100 шәкіртақыны «Kaspi Bank» АҚ және 120 шәкіртақыны «VISOR Holding» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Айдан Карибжанов  ұсынды. Аталмыш жарыс шеңберінде жеңіске жеткен студенттер 5 ай бойы (2015 ж. ақпанынан 2015 ж. маусымы аралығында) 30 мың тг көлеміндегі ай сайынға шәкіртақы алуға құқылы болады. Жарысқа қатысу үшін «Ай сайынға шәкіртақы» ережесіне сәйкес келу қажет. Негізгі критерийлердің ішінен келесілерін атап айтуға болады:

– Қазақстанның азаматы болу;

– сотталмаған және/нмесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған;

– ҚР аумағында орналасқан, шетелдік ЖОО бөлімшесіне жатпайтын университет бакалавриатының  күндізгі бөлімінде  оқу;

– үлкен мемлекеттік  және жеке меншік жоғары оқу орындарының (өтініштің онлайн модулінде көрсетілген тізімге сәйкес, тізімге сілтеме мұнда) студенттері қатыса алады;

– кем дегенде бір оқу семестрін бітіріп транскрипт алуы тиіс (яғни, 1 семестрді аяқтаған бірініші курс студенті қатыса алады);

– білім беру грантына сәйкес мемлекеттік (Президенттік)  шәкіртақыдан басқа  шәкіртақы алмауы тиіс;

–университеттен басқа жерде еңбек келісімшарт негізінде жұмыс істемеуі тиіс;

– ереженің 2.2. б. көрсетілген  үлгерім талаптарына сәйкес болу;
– ереженің 2.3. б. көрсетілген   материалдық қамтамасыз етілу талаптарына сай болу;

— ереженің 2.4. б. көрсетілген   аффиллирдеу талаптарына сай болу қажет.

Аталмыш жарыс жалпы республикалық болғандықтан елдің барлық аймағынан өтініштер қабылданады. Сонымен қатар, қатысушылар міндетті түрде Moomkin.com HR-порталында  («Taiburyl» АҚ серіктесі)  тіркеліп, өтініште жеке парақшасын көрсетуі тиіс. Біз осы ресурс арқылы жеңімпаздардың  дамуын қадағалап, олардың «Taiburyl» АҚ демеушілері және серіктестерімен әр түрлі ынтымақтастық бағдарламалары арқылы болашақта жұмыс табуларына көмек көрсетуді жоспарлаудамыз.

Өтініштерді қабылдау 2015 ж. 13 қаңтар сағ 9.00 – 2015 ж. 31 қаңтар сағ 18.00 аралығында. Өтініштер үдерісі толықтай автоматтандырылған, бұл қатысушыларға өтінішті  онлайн түрінде жіберуге мүмкіндік береді  (http://www.taiburyl.kz/request/).  Өтініш қабылданғаннан кейінгі 24 сағ ішінде «Taiburyl» АҚ қызметкерлері өтініштің ережеге сәйкестігін тексеріп ары қарай нұсқау жазылған хат жібереді. Өтініш екі тілдің бірінде қабылданады- қазақ және орыс.

Барлық сұрақтар бойынша  байланыс мәліметтері:

—+7 7172 51 69 64;

—e-mail (taiburyl.kz@gmail.com);

— FB парақшасы арқылы(https://www.facebook.com/taiburyl).

«Taiburyl» АҚ  атқарушы директоры– Даурен Тургумбаев.

«Taiburyl» АҚ барлық қатысушыларға сәттілік тілейді, және шын жүректен аталмыш жарыс жастар арасында көптеген жарқын тұлғаларға жол ашады деген үміт білдіреді.

http://www.taiburyl.kz/main/oo-taiburyl-obyavlyaet-o-nachale-sbora-zayavok-po-programme-ezhemesyachnye-stipendii-.html

Без рубрики