ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАҒДЫРКЕШТІ ШЕШІМДЕРІ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БАСТЫ ТАҚЫРЫБЫ

2016 жылдың 25 қарашасы күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Қазақстанды қалыптастыру бойынша тағдыркешті шешімдері» атты IV республикалық ғылыми-тәжірибелік он-лайн конференция болып өтті.

Конференцияның жұмысына «Нұр Отан» партиясының жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңес Төрағасының бірінші орынбасары О.Ә. Әбдікәрімов, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрайымы Б.С. Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.М Ершов, ҚР Парламенті Мәжілісінің 4-ші, 5-ші шақырылымдарының депутаты, «Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры» АҚ президентінің кеңесшісі С.И. Ферхо, ҚарМТУ профессоры, ҚазҰЖҒА академигі Н. А. Дрижд, Мемлекет басшысының серіктері – Теміртау қаласының Құрметті азаматы Е.И. Төлеубаев, Қ.О. Омашев, Н.Т. Вахитова, В. А. Никонов,  күш құрылымдары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Конференция шеңберінде ҚарМТУ-дың 2-ші оқу корпусында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған Кен-металлургия кешенінің метанды энергетика зертханасы ашылды. Тұсаукесер рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Н.Қ. Әбдібеков және конференцияның басқа да құрметті қонақтары қатысты.

Зертхананы ашудағы мақсат көмір қабаттарынан метан барлау мен алудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Кен-металлургия кешенінің метанды энергетика зертханасы  таскөмір шөгінділері құрамынан метан барлау, Қарағанды бассейнінің көмір қабаттарынан метан зерттеу мен өндірудің ұзақ мерзімдік келешегін анықтайтын стратегиялық бағдарламаның бір бөлігі болып табылады.

Зертхана «Agilent Technologies» (АҚШ), «Carbolite Gero» (Ұлыбритания), «Eltra» (Италия), «Retsch» (Германия), «Radwag», «Geokrak» (Польша) сияқты әлемдік деңгейдегі компаниялардың 140 млн. Теңге тұратын жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Құрметті қонақтар үшін Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бойынша экскурсия ұйымдастырылып, соның барысында  олар ИИДМБ-2 бойынша мамандар даярлаумен шұғылданатын инженерлік бағыттағы орталықтардың, Қазақстадық дәнекерлеу институтының, Инженерлік бейін зертханасының жұмыстарымен танысты.

Конференция басында «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары М.А. Құл-Мұхаммедтің, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.-Ж.К. Тоқаевтың, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы Д.Н. Назарбаеваның, ҚР Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің қатысушыларға арнау сөздері оқылды.

Конференцияда «Нұр Отан» партиясының жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңес Төрағасының бірінші орынбасары О.Ә. Әбдікәрімов, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің Төрайымы Б.С. Әйтімова, Елбасының серіктері Н.Т. Вахитова, Қ. О. Омашев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.М. Ершов, профессор, ҚазҰЖҒА академигі Н.А.  Дрижд және басқалар пленарлық баяндамалар жасады. Қазақстанның 15 базалық жоғары оқу орнының өкілдері он-лайн режімде байланысқа қосылды. Айта кету керек, Конференцияның жұмысына барлығы 10 мыңнан астам адам қатысты. Шараның ресми бөлігі аяқталар тұста конференцияға қатысушылардың Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Үндеуі жарияланып, оны көпшілік бір ауыздан қолдады.

Конференция шеңберінде ҚарМТУ-дың Бас ғимаратында Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері, Санкт-Петербург Император Университетінің түлегі, қазақтан шыққан тұңғыш заң магистрі, Алашорда Үкіметінің мүшесі, заңгер және этнограф Жақып Ақбаевтың 140 жылдығына арналған «Азаттықтың ұзақ жолы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараның адында, оған қатысушылар Жақып Ақбаевтың рухына тағзым етіп, оның Қарағандыдағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Дөңгелек үстел отырысында ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрайымы Б.С. Әйтімова («Ж.Ақбаевтың мұрағаттық материалдарын Қарағанды облысының мұрағатына тарту ету»), ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.О. Дулатбеков («Ж. Ақбаевтың СанктөПетербургтегі өмірі»), Қарағанды облыстық сотының төрағасы М.Т. Әлімбеков («Қазақ даласынан шыққан тұңғыш заң магистрі»), Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ заң факультетінің деканы Ғ.З. Кожахметов («Жақып Ақбаев және басқа да алашордашылар Қазақстанның болашақ мемлекеттік құрылымы туралы»), Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатының директоры Ж.Ж. Тұрсынов баяндама жасады.

Конференция аясында «ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы ролі», «ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қалыптастыру бойынша қазақстандық моделі»,  «Қазақстандықтардың руханияты мен мәдениетінің ұзақ мерзімдік идеологиялық басымдықтары: стратегиядан жүзеге асыруға» және «ИИДМБ-2 – «4.0 индустриясына» өту үшін жағдайлар жасау» бағыттары бойынша секциялық отырыстар өтті.

Конференция соңында қарар қабылданып, үздік баяндамашылар арнайы дипломдармен, Алғыс хаттарымен марапатталды.