Тұңғыш Президент күніне арналған концерт


2016 жылдың 30 қарашасы күні сағат  16:00 — 19:00 аралығында Қарағанды қ. Кеншілер Мәдениет сарайында университетіміздің шығармашылық үйірмелері мүшелерінің қатысуымен Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік концерт өтті. Оған білім ордамыздан 600 студент қатысты.

Концерттік бағдарламаны қоюда төмендегі студенттеріміз белсенділік танытты:

  1. Рашид Нұрай – «Тәуелсіз Елім»
  2. Нығыжан Нұрдәулет – «Қазақ Елі»
  3. Жексенбаев Еламан – «Sway»
  4. Манап Ерғали – «Туған Жер»
  5. Нақыпбай Саят – «Оружие»
  6. Кажкаримов Айбек – «Если ты со мной»
  7. Қадыр Нұртуған – «Құстар Әні»
  8. Рахатаева Айдана – күй «Науаи»
  9. Акашев Елнур – «Newman Beats»
  10. Барлыбаева Индира – «Me too»

«Индустриальная Караганда» газетінің 06.12.2016 ж. санында жарық көрген «Шығармашылық симбиоз» атты мақала. Авторы – Нина Крамер.

«Шығармашылық симбиоз»

Биылғы жылы дәстүрлі «Президенттің сүйікті әндері» концертіне жас өнерпаздардың шығармашылық нөмірлерін қосу шешімі шығарылған екен.  Осы мақсатта мәдениет сарайының әртістері Елбасы білім алған жоғарғы оқу орнының студенттерімен бірігіп, аталмыш шараға ҚарМТУ студенттері 12, ал Кеншілер мәдениет сарайының ұжымы да сонша  шығармашылық нөмір әзірлеген екен.

Десек те, концерттік нөмірлер әндермен ғана шектелмеді. Адам жанын ә-дегеннен баурап әкететін  қазақ вальсі, отты «Ча-ча-ча»  әуеніне жалғасып,  сыңғырлаған «Бұлбұл» әні, ырғағы қатты рэпке ауысып отырды. Бағдарламаға жалғыз өзі бірнеше музыкалық аспапта ойнап, түрлі әуенді құбылта орындайтын  бит-бокс стиліндегі адам-оркестр де қосылыпты. Мерекелік концертте негізі патриоттық қазақ әндері шырқалды. Ұйымдастырушылар шығармашылық жолын жаңа бастаған Тәуелсіз елдің жастарына қолдау көрсетуді басты назарда ұстайтын Президенттің тілегін ескергендей, бұл шараны жас көрерменнің ыңғайына қарай, оған қызықты болатындай етіп дайындапты. Өнерлі жастар туған елге деген сүйіспеншілігі, махаббаты мен армандары жайлы  әндерді әуелете шырқады.

– Тұңғыш Президент күні – бұл саяси реңі бар мереке, әдетте, оған байланысты ұйымдастырылатын мерекелік шаралар дөңгелек үстел, салтанатты жиындар сияқты тым ресми сипатта  сияқты өтетіні рас, — дейді КМС-ның көркемдік жетекшісі Жомарт Әбілтаев, –  Былтыр біз «Президенттің сүйікті әндері» концертін өз күшімізбен дайындаған едік. Ал бүгінгі күнде біз Президентті тек саяси басшы, қайраткер қырынан таныстырып қана қоймай, оны адами қырынан танытуды мақсат қылып,  концертті әзірлеуге ҚарМТУ-дың студенттерін шақырдық. Себебі ҚарМТУ – көркемөнерпаздар шығармашылығы мықты жолға қойылған университет. Сондықтан жақында біздің олармен өзара шығармашылық серіктестік жайлы меморандум жасасуымыз ықтимал.

– Біз С.Сейфуллин атындаға қазақ драма театрының және Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестігімен тығыз қарым-қатынас жасаймыз, – дейді  ҚарМТУ-дың кураторлар кеңесінің төрағасы Нұрбибі Смағұлова. КМС-мен жасалмақшы келісімшарт төртінші болғалы отыр. Студенттеріміз университеттің де, қаламыздың да мәдени шараларына белсенділікпен қатысады.  ЖОО-ның  Жастар саясаты департаментінде студенттердің тек аудиторияларда ғана емес, сахна төрінде де өзін еркін сезінуге мүмкіндік беретін 15  шығармашылық үйірме жұмыс жасайды. Мұндай сегіз қырлы бір сырлылық жас маманның болашақ өмірінде кәдеге жарайды деген ойдамын.

Без рубрики