«Тәуелсіз елдің тұғыры биік жалынды жастары» аймақтық зияткерлік чемпионаты

2016 жылдың 28 сәуірінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жастар Әлемі» студенттер сарайында «Серпін-2050» оқу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 25-жылдығына орай аймақтық ЖОО арасында «Тәуелсіз елдің тұғыры биік жалынды жастары» атты зияткерлік чемпионат өтті. Чемпионаттың мақсаты — жастар арасында зияткерлік, адами және ой ұшқырлығы әлеуетінің қалыптасуына ықпал ету. Жастарды патриоттық сезімге баулу, көшбасшылық қасиеттерді шыңдау болып табылады. «Тәуелсіз елдің тұғыры биік жалынды жастары» атты зияткерлік чемпионатына Қарағанды облысының ЖОО-да «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» — «Серпін-2050» жобасы бойынша білім алып жатқан Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері қатысты. Аталған чемпионат 4 кезеңнен тұрды:

    І тур – Таныстыру (қатысушылар өздерінің құрған топтарының аты, ұраны, мақсаты) 3-5 мин.

    ІІ тур — IQ test (қатысушылар арасында Қазақстан тарихы бойынша тестілеу)

  ІІІ тур – Ұяшықтар таңдау (қатысушылардың қалауымен 10, 20, 30, 40 ұпайларды құрайтын әр деңгейлі сұрақтар);

    VI тур – Аукцион (қатысушылар алдыңғы кезеңде жинаған ұпайларын кілт сөзге байланысты тігіп, логикалық сұрақтарға жауап беруі тиіс).

Әділқазылар алқасын Тәрбие ісі жөніндегі проректор, Н.А.Алпысбаева, Ақсақалдар Кеңесңнің төрағасы, Тоғайбаев Каден Бариевич, Кураторлар Кеңесінің төрайымы, Смагулова Нұрбибі Абсадыковна, Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушысы, Кулейменова Лайла Мадениетовна, Ақсақалдар Кеңесінің мүшесі Иманбаева Лидия Хамитовна және Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, Тлеуқабылова Қайыр Смагуловна құрды. Жалпы чемпионат өте жоғары деңгейде өтті. Зияткерлік чемпионат жастардың ой ұшқырлығын, таным көкжиегін кеңейтті деуге болады. Бұған дәлел, түрлі логикалық, қазақстан тарихы бойынша қойылған сұрақтарға жылдам әрі сенімді жауап бергендіктері.

Қорытындылай келе, «Тәуелсіз елдің тұғыры биік жалынды жастары» атты аймақтық  зияткерлік чемпионатында жүзден жүйрік шығып, І-дәрежелі дипломмен ҚарМТУ, ІІ-дәрежелі дипломмен ҚарМУ және ІІІ-дәрежелі дипломмен ҚарМИУ командалары марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

Без рубрики