Тәрбие жұмысы

«Физикалық тәрбие» кафедрасы

 


Дене тәрбиесі кафедрасында тәрбие жұмысы студенттермен темекі және ішімдіктің зияны туралы, спорттық кешендегі ішкі тәртіп ережелері туралы, дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік техникасы және т.б. туралы әңгімелер жүргізіліп тұрады. Кураторлық жұмыстар, кураторлық сағаттар кесте бойынша, сенбіліктер, әр түрлі мәдени шаралар өткізіліп тұрады. Спорттық кешеннің жоспары бойынша 6 спорт түрінен «Первокурсник» спартакиадасы және 14 спорт түрінен институтаралық спартакиада өткізіледі.

Жазғы уақытта дене тәрбиесі кафедрасының қызметкерлері тәрбие жұмысын «Политехник» ССЛ жалғастырады: тәжірибедегі және демалыстағы студенттерді қабылдайды, өрт қауіпсіздігіне және ұлттық орман саябағының өкілімен студенттер кездесу өткізеді. Әр түрлі мәдени және спорттық шаралар өткізіліп, орманға және көлге саябаққа барады.

«Дене тәрбиесі» кафедрасындағы тәрбие жұмыстары Патриоттық тәрбие моделі негізінде жасалған жоспар бойынша жүргізіледі. Кафедрадағы тәрбие жұмыстары келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
— қазақстандық патриотизм мен азаматтық позиция белсенділігіне тәрбиелеу;
— саяси және құқықтық мәдениет тәрбиесі;
— ҚР территориясында тұратын халықтардың тарихи және мәдени дәстүрлерін жалғастыру және қорғау;
-студенттердің жан-жақты дамыған, білімді және жоғары мәдениетті тұлға болуы, олардың шығармашылық, ұйымдастырушылық және басқа да таланттарын ашу;
— жалпылай спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтына бейімдеу, ВИЧ-СПИД, нашақорлық және т.б. профилактикасы.
Құқықтық тәрбие тәрбие жұмыстары бағыттарының бір түрі болып табылады және келесідей шаралар түрлеріне жіктеледі:
— студенттерді «Білім туралы» ҚР Заңымен, ЖОО Жарғысымен, студенттердің құқықтары және міндеттерімен, оқытушы мен студенттердің Ар кодексімен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру (кураторлық сағат аясында).
— құқық бұзушылық ескертулері мен профилактикасы бойынша жұмыс жүргізу (кураторлық сағат аясында), нақтырақ тақырыптық әңгімелер мен дәрістер, дебаттар, «дөңгелек үстелдер» және т.б. өткізу.
— Елбасының Қазақстан халқына жолдауы мен «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырылуы бойынша тақырыптық әңгімелесулер өткізу.
— ақпараттық құқықтық бюллетеннің ай сайынғы шығарылымы.
Тәрбие жұмыстары бойынша сұрақтар кафедра отырысында қарастырылады.
2012 жылдың басында университеттің тәрбие жұмыстарының құрылымы қайта ұйымдастырылды, барлық сәйкес құрылымдар студенттердің өзін-өзі басқарудың бірыңғай органы – «Жас Орда» ҚарМТУ студенттерінің кәсіптік одағына біріктірілді. Студенттердің кәсіподақтық ұйымы құрылымының негізі болып кәсіподақтық студенттік топтар табылады. Аталған ұйым Кеңеспен (басқарудың жоғарғы органымен) сайланған Төраға басшылығымен келесідей бағыттар бойынша қызметтер атқарады: білім сапалығы, патриоттық тәрбие, әлеуметтік-құқықтық жұмыс, мәдени іс-шаралар өткізу, студенттердің көркем-өнерін басқару, студенттер жатақханасының әлеуметік-тұрмыстық жағдайы, нашақорлық, шылым шегу, ішімділік және т.б. профилактикасы. Кәсіподақтық ұйым аясында дебат клубы, «Қазақстан студенттер Альянсы» Републикалық студенттер қозғалысы, студенттік театр, «Ақниет» қайырымдылық ұйымы, КТК, «Жасыл ел», «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша оқитын студенттері белсенді қатысатын студенттердің құрылыс жасақтары жұмыс істейді.
Кез келген адам үшін өткізілген шараларға қатысу маңызды екені белгілі. Сондықтан студенттерге ерекше сезім ұялата отырып, іс-шараларды ұйымдастыруға оларды барынша жұмылдырамыз.
Тәрбие жұмысы деканмен бекітілген жеке жоспар бойынша жүргізіледі. Бұл жоспарға сәйкес аға кураторлар мен кураторлар қызметінің негізгі бағыттары төмендегідей:
— кураторлық жұмысты ұйымдастыру мен жоспар құруда әдістемелік көмек;
— куратор жұмысын талдау және куратор қызметін бақылау;
— студенттерге қоғамдық-мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастыру (ҚЖС, студенттер кәсіподағымен бірігіп);
— атаулы және мерекелік күндерді мерекелеу;
— деканатпен бірігіп студенттердің аттестация қорытындыларын талқылау;
— талдаулар мен ұсыныстармен сессия қорытындыларын жасау;
— Республиканың, облыстың, қаланың, ҚарМТУ-нің қоғамдық-саяси шараларына қатысу;
Ай сайын факультет кураторлары оқу үлгерімі мен сабаққа қатысу бойынша есеп береді.
Студенттердің эстетикалық тәрбиесі мен мәдениетіне көп көңіл бөлінеді. Студенттер КТК-на, көркем өнерпаздар сайысына, спорттық жарыстарға, конференцияларға, ҚЖС үйірмелеріне белсене қатысады.
Студенттер кураторларымен бірге ҚарМТУ территориясын жөндеу жұмыстары мен сенбіліктерге қатысады.
«Жас Орда» кәсіподақтық ұйымы аясында дебат клубы, «Қазақстан студенттер Альянсы» Републикалық студенттер қозғалысы, студенттік театр, «Ақниет» қайырымдылық ұйымы, КТК, «Жасыл ел»жұмыс істейді.
Барлық кураторлар нашақорлық пен ішімдік пайдалану профилактикасы, шылым шегудің зияны туралы тәрбие жұмыстарын жүргізеді
.

Без рубрики