Тәлімдік жұмыстар


КарМТУ жанындағы Технологиялық колледждін 9КЖД-10-2э тобынын студенттері 03.05.2012ж Долинка поселкесінде өткен «Саяси репрессия курбандарінің естеліктері» атты мұражайға барды. Саяхатты ұйымдастырушы: Кабылбекова.Ж.К ӘГП ЦӘК кафедрасының окытушысы. Долинка мекеніндегі муражайдынашылуы 2011жылы Қазақстан Республикасының басшылығының шешімімен ашылған. Мұражай естеліктері Карлагтың 1931-1954жж. аралығын камтыған. Екі этажды мұражайда Карлаг кұрбандарының хаттары, кунделіктері, суреттері көрмеге қойылған. 1931ж. бастап Карлагта сотталған адамдардың тізімдері де бар. Ең төменгі кабаттағы көрмедегі экспонаттар оқушылардың көнілінде із қалдырды.

Технологиялық колледждегі
тәрбие жұмысы

Колледждегі тәрбие жұмысының негізгі міндеттері:
• Тәрбие жүйелерінің дамуына арналған қажетті ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық-педагогикалық және ақпараттық шарттармен қамтамасыз ету;
• Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа құндылықтары мен қазіргі мәдени-әлеуметтік жағдайды ескере отырып тәрбиелік шара дайындау;
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне оқушылардың оң көз-қарасын қалыптастыру, қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
• Есірткі мен зиянды заттардан сақтану және профилактикалық жүйені толық жетілдіру     • Оқушылар арасында діни экстремизмге рұқсат етпеу және алдын алу жүйелерін жетілдіру;
• Жастар қоғамдық бірлестігінің азаматтық және шығармашылық дамуын, жастар ынтасын қолдау;

Колледжде тәрбиелік қызмет қойылған міндеттемелерге сәйкес төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі.

1               Қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

2             Құқықтық және саяси мәдени тәрбие.

3                 Адамгершілік этикалық тәрбие.

4               Көптеген спорт түрлерінің дамуы, салауатты өмір салтына позитивті көзқарас, АҚТҚ мен нашақорлықты алдын алу.

Ұсынылған міндеттер негізінде тәрбие жоспары мен бағдарламасы, куратор жұмысының жоспары құрастырылды. Жоспарланған шығармашылық топ жұмыстары мен оқушылардың өзіндік басқару мекекесі арқылы қойылған міндеттер жүзеге асады. Топ кураторлары мен мұғалімдердің шығармашылық потенциалы іс-шараларды жоғарға деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.

19 сәуір 2012жылы ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледждің оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары мен ӘГП ЦӘК кафедрасының оқытушысы Андреева Ю.И. «Болашақ» университетінде «Дін,қоғам,қәуіпсіздік» атты тақырыбында өткізілген семинарға қатысты. Семинарды ұйымдастырушы Қарағанды облысының Ішкі Саясатты Басқару орталығы, әлеуметтік-психологиялық орталығы мен «Виктория» құқықтық қорғау ұйымы. Семинардың мақсаты-қазіргі жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу.
Семинарды өткізген: Артемьева В.А -юрист, Гимадиева Қ. Жанар.-дінтанушы, Репина Н. В -дінтанушы. Семинарда қазіргі кездегі жастардың дінге деген көзқарастары,әр түрлі діни ағымдардан аулақ болуға, діни экстремизмнің алдын алу шаралары, экстремизмнің таралу әдістері, туралы баяндамалар оқылды және сұрақтармен алмасты. Оқытушылар мен колледж студенттері облыстық «Виктория» орталығына бірлесіп жұмыс істеуге шақырылды.

«Наурыз – мейрамы»

22 наурызда барлық Қазақстан халқы Наурыз-мейрамын тойлайды бұл – күн мен түннің теңесіп жаңаратын кезі.  Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университет жыл сайын дәртүрге сай үлкен киіз үй тігеді. Биылғы Наурыз мейрамында киіз үйді Технологиялық колледж ұжымы безендірді. Экспонаттар КарМТУ-дың қазақ тілі кафедрасы мен колледж оқушыларнан алынды. Киіз үйді безендіруде келесі колледж мұғалімдері белсенді үлес қосты Смагулова Н.А., Алиева А.М., Кошанов Ж.Р., (қазақ тілі мұғалімдері); Худорожкова С.А., Коваленко Т.И., (ДСП ЦӘК мұғалімдері); Хусаинов Б.К., Сапариянов С.Х., Тусупбеков А.К., (дене шынықтыру мұғалімдері); Аубакиров Т.З., Ядрин И.П. (АЖП ЦӘК  мұғалімдері). Киіз үйдін бұйымдары ұлттық нақышпен өрнектеліп, шаңырақтан бастап керегеге дейін көздің жауын аларлықтай етіп әшекейленді.

8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара

2012 жылдың 7 наурызында технологиялық колледжде 9КЖД09-3к топ студенттерінің, кураторы Нурланова А.С. дайындаған «Асыл жанды арулар» атты мерекелік шара өтті. Құттықтау сөз технологиялық колледж директоры Қойлыбаева С.А. берілді. Мерекелік бағадарламада қазақ, орыс тілінде әсем әндер Сыздыкова Жулдыз, Малшыбай Назым, Совет Ерасыл, Ныгматуллин Жайык, Оспанов Думан орындауында тыңдалды және шығыс биін Кодекова Перизат билеп жиналған қонақтарды бір қуантты. Студенттер залда жиналған қонақтармен лотарея ойнатты, барлық қыз-келіншектерге номер жазылған қағаз таратылды, ойнатылған латорея иесі ән шырқап, би билеп, мерекемен құттықтайды сонынан сыйлықтар берілді. Жумакеев Айткен «Адай» күйін орындады, сонымен қатар студенттер әдемі өлеңдер оқыды. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті, студенттер барлығын мұқият ойластырған, бұл күні ешкім тыс қалмай барлығы белсенді қатысты.

Тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестік мәжілісі.


2012 жылдың 24 ақпанында
ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледжде тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестік мәжілісі өтті. Мәжіліс мақсаты тәрбие жұмыстарының әдістері мен түрлерін толық жетілдіру, студенттердің саяси санасының ғылыми тәсілін қалыптастыру, қазақстандық ұлтжандылық арқылы тәрбиелеудің потриоттық әдісін енгізу. Облыстық әдістемелік бірлестік мәжілісінде құттықтау сөзбен ҚарМТУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Байжабагинова Г.А., ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледж директоры Қойлыбаева С.А., облыстық әдістемелік бірлестік жетекшісі Жарикпасова Т.Ж . сөз сөйледі. «Қазақстандық ұлтжандылық, оқушылардың саяси санасының қалыптасуы бойынша жұмыстың негізгі міндеттері мен түрлері» тақырыбында Қарағанды мода колледждің тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары Дегтерева Н.В, ҚарМУ жанындағы колледждің ТЖ жөніндегі директор орынбасары Оспанова А.М., өз баяндамаларында оқушылардың саяси санасының қалыптасуының өзекті мәселелерін ортаға салып талқылады. Сонымен қатар ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледж тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары Құлнияз С.А. «Атақты тұлғалар мысалында патриоттық тәрбиелеу арқылы Технологиялық колледж оқушыларының ұлтжандылық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқыды. 3 кураторлық сағаттар көрсетілді: «Менің елім – менің рәміздерім» тақырыбында ашық кураторлық сағат, куратор Тибатина Т.Ю., «Біз болашақтың үмітіміз — өткеннің мұрасымыз» тақырыбында кураторлық сағат, куратор Левашов И.С., «Қазақстан халқының Ассамблеясы-теңдессіз ұлтаралық және конфессияаралық келісім институты» — тақырыбында сыныптан тыс іс –шара, куратор Хамитова Г.С.
Өткен 3 ашық іс-шараларды көргеннен кейін талқылау өтті. ТЖ жөніндегі директор орынбасарлары өткен Облыстық әдістемелік бірлестік мәжілісінің қызықты және мазмұнды өтуіне байланысты алғыстарын білдірді.

Технологиялық колледжде SIFE бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар.


Технологиялық колледж SIFE бағдарламасына қатысушылардың бірі ретінде 2010 жылы әлеуметтік жағдай жасау үшін, нашар еститін интернат балаларына өз көмектерін беріп отырады. Себебі нашар еститін интернат балалары колледждің қамқорлығында болатын.
ҚарМТУ мен Технологиялық колледжде SIFE студенттік бағдарлама қызмет етеді, мақсаты қорғансыз бұқара топтың еркін кәсіпкерлік аймағындағы білім беру арқылы өз армандарына қол жеткізу көмек көрсету. SIFE (студенттер еркін кәсіпкерлікте) – бұл кең маштабты халықаралық студенттік бағдаралама, экономика оқыту саласында қатысушыларға шығармашылық және инновациялық жобаларды өздігінен іске асыруға мүмкіндік береді, еркін кәсіпкерлікке, өз ауданындағы, қаладағы, облыстағы бұқара халықтың бизнесі. SIFE студенттік бағдарламасында 48 мемлекеттен 1800 университет және колледж студенттері қатысады, солардың ішінде США, Канада, Россия, Австралия, Бразилия, Мексика, Украина, Китай, Малайзия, Франция, және т.б. мемлекеттер бар. Қазақстанда SIFE қозғалысы 15 жылдан астам дамып келеді. SIFE командасында ҚарМТУ мен Технологиялық колледждің 28 студентті бар, олар әлеуметтік және экономикалық бағыттағы жобаларды іске асырады. Жыл сайын көктем кезінде әр елде ұлттық жарыстар өтеді, жеңіске жеткен команда Әлемдік SIFE кубыгында өз елін ұсынады. Өткен жылы біздің команда 4 орын алып, арнай «SPIRIT AWARD» кубыгымен марапатталды.
Осы жылы команданың жүзеге асыратын әлеуметтік жобалар: экономикалық білімге, ағылшын тілін оқыту оның ішінде ымдап ағылшын тілін үйрету, есту мүшесі кем оқушыларға колледжға түсуге көмектесуге байланысты жобалар. Облыстық есту мүшесі кем мектеп – интернат түлектерімен жұмыс нәтижесі бойынша 2011 жылы бес оқушы Қарағанды қаласындағы колледждерге оқуға қабылданды. Оралмандардың бейімделу орталығында келімсектерге, қоныс аударушыларға бейімделуге байланысты әлеуметтік көмек көрсетіледі, әйелдерге жәдігерлік бұйымдар жасауды оқытып үйрету. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты мерекелік концерт өткізілді. Оралман балаларына жәрдем көрсету акциясы өтті, балаларға сыйлықтар жасалды. Экономикалық жоба ауыл кәсіпорын иелеріне көмек көрсетуге бағытталған яғни, тауардың өтімі, жарнама жасау, өнімді сауда орындарына ұсынуды жүзеге асыру. Осы жылғы жоба мәселесі ауыл кәсіпорындарына оның ішінде бал өндірісіне байланысты көмек көрсету. Кішігірім студенттік кәсіпорын құрылды, негізгі мақсаты ұлттық нақыштағы жәдігер бұйымдарын жасау және сату. Жаңа жылдық жәрмеңке өткізілді, енді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне және Наурыз мейрамына арналған жәрмеңке өткізу жоспарланған. Пластикалық тауарларды қайта өңдеу мәселесі көтерілді, экологиялық үкіметтік емес кәсіпорындары мен қайта өңдеу кәсіпорын мекемесінің пластикті қайта өңдеуге байланысты сұрақ шешілуде.

Әлеуметтік-психологиялық қызмет

Спорттық абырой

Кураторлық сағат

Без рубрики