Тәлiмдiк жұмыстар


Тәлiмдiк жұмыстар

моделі негізінде құралған жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі. Іс-жүзінде ҚМмБТ кафедрасының әрбір ПОҚ мамандықтың академиялық топтарының кураторлары болып табылады.

Кураторлардың жұмыс жоспарына сәйкес тәрбиелік жұмыстың төмендегі түрілері мен әдістері қолданылады: дәрістер, әңгімелесу, кураторлық сағаттар, топ отырысы, экскурсия, талқыға салу, ғылыми конференцияларға қатысу, стенділер конкурсы және т.б. Кураторлардың жұмыстары кафедра отырыстарында талқыланады (кафедра отырысының хаттамасы). Тәрбие үрдісінің негізгі ақпараттық қаматамасыз етуі ҚР құқықтық актілері және ЖОО кітапханасының мерзімдік әдебиеттері болып табылады.

Студенттер оқытушылармен бірлесіп университетте және институттарда өткізілетін барлық шараларға белсенді түрде қатысады. («Денсаулық аптасы», «Қазақстан Республикасының күні», «Тәуелсіздік күні», Жаңа жылдық мерекелер, «Ғашықтар күні», «Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз мейрамы», «Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы», «Жеңіс күні», «Отан қорғаушыларының күні»). Кураторлық сағаттарда жоспарланған сұрақтармен қатар әрдайым студенттердің ағымдағы сабаққа үлгерімділігі мен қатысушылығы талқыланады, сессия қорытындылары бойынша факультеттік конференциялар өткізіледі.

Студенттер ҚМмБТ кафедрасына бекітілген аумақты тазалауға, аудиторялық қорды жөндеу және оқу жылына дайындауға қатысады. Тәрбие үрдісінің және тәрбиенің мәдениеттік, құқықтық, патриоттық, ақпараттық қамтамасыз етілуі «Мемлекеттік тілде сөйлесу – біздің азаматтық борышымыз», «Біз темекі шегуге қарсымыз» шараларында, кітапхана мен оқу залында өткізілетін ақпараттық шолуларда, құқық қорғау орындарының жұмыскерлерімен кездесулерде, құқық бұзудан сақтандыру және ЖИТС-тен сақтандыру айлықтарында, жалпы университеттік спартакиадаларда, «Салауатты өмір салты жайлы», «Азаматтық көзқарас» тақырыптағы арнайы кураторлық сағаттарда, КВН, патриоттық тәрбиелеу бойынша стенділерді көркемдеуде айқындалады.

Патриоттық тәрбие аясында жетекшілік ететін топтарда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы бойынша «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» тақырыбына семинарлар өткізілді. Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік күні – ҚР демократиясының негізі» тақырыбына кураторлық сағаттар өткізілді.

Жатаханадағы тәрбиелік жұмыс айрықша орын алады. Кураторлар өздерінің студенттерінің тұрмыс жағдайын, қиындықтарын және сабаққа дайындалу мүмкіндігін және т.б. білуге тырысады.

Факультет студенттері ғылыми-тәжірбиелік конференцияларға, конкурстарға, фестивальдарға, акцияларға, КВН және т.б. ЖІК өткізетін шщараларға қатысады.

Мамандық студенттері спорттық, қоғамдық, ғылыми жұмыстарға белсенді ат салысады.

Фото-0143 Фото-0152

Без рубрики