«Түлек-2017»

2015 жылдың 6 желтоқсаны күні сағат 10.00-да Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде дәстүрлі «Түлек-2017» жәрмеңкесі өтеді.

2017 жылы ҚарМТУ-ды техникалық және инженерлік мамандықтар бойынша 1500-ден астам білікті бакалавр тәмамдайды. Бұл шараның мақсаты – университет түлектеріне жұмыс орындарын қарастырып, оларды мүмкіндігінше жұмыспен қамту. Жәрмеңке барысында оған қатысушылар өздерін қызықтырған бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, ал жұмыс берушілер үшін жұмысқа тұрудан үміткерлердің іскерлік қырларын жақынырақ тануға, өздеріне жас мамандарды тартуға мүмкіндік туады. Жәрмеңкеге 500-ден астам түлектер мен жұмысқа шақырушы 100-ден астам кәсіпорын қатысады. Олардың қатарында мемлекеттік, жеке мекемелермен қатар халықаралық ұйымдар мен ұлттық компаниялар да бар. Кәсіпорындардың кейбірі жәрмеңкеге өз мамандарының қатарын жаңарту немесе толықтыру мақсатымен келсе, енді біреулері болашағынан үміт күттірген жастарды келешекте жұмысқа тарту үшін қатысады. Олардың қатарында ҚарМТУ-мен көп жылдардан бері әріптестік қарым-қатынаста жұмыс істеп келе жатқан «Казақмыс» корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД, «Казчерметавтоматика» АҚ, «Энергоуголь» ӨБ, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «КазПромАвтоматика» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Карагандаэнергоремонт» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Машзавод №1» ЖШС,« Пархоменко атындағы ҚМЗ» АҚ, «Жезқазған мыс балқыту зауыты, «КЕGОК» АҚ, «Қарағанды электротехникалық жабдықтар зауыты» ЖАҚ, «Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институты» ЕМК, «Имсталькон» АҚ,  «Маkеr» — Қарағанды құю-машина жасау зауыты» ЖШС-нің филиалы, «Қарағанды ӨндірісҚұрылысЖоба» ЖШС, «Қарағанды жолдары» ЖШС, «№3 автобус паркі» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ГорКомТранс» ЖШС, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ, «Қазақалтын» КМК, «Трансойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы АҚ және басқа да көптеген кәсіпорындар бар.

Шара кезінде соңғы курс студенттері жұмыс берушілермен көзбе-көз сөйлесіп, жедел әңгімелесу сынынан өте алады. Жәрмеңкеге қатысушылар үшін ҚарМТУ-дың 1-ші корпусында кәсіпорындардың материалдарынан бос жұмыс орындарының көрмесі ұйымдастырылады.

«ҚарМТУ түлегі» жәрмеңкесін өткізудің көп жылдық тәжірибесі көрсеткендей, бұл шараның жас мамандарға тигізер пайдасы көп.  Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуде бұл шара тиімді амалдардың бірі саналады.