Түйіндеме

Жетесова Гульнара Сантаевна
Жетесова Г.С.

1961 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Машинажасау технологиясы» кафедрасының меңгерушісі. 1983 жылы «Машинажасау технологиясы, металлкескіш станоктар мен құралдар» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын бітірді.

Институтты бітіргеннен кейін 1983-1994 жж., Ново-Карагандинский машинажасау зауытының бас технолог бөлімінде жұмыс істеді. 1994 жылының 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Машинажасау технологиясы» кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі болып істейді. Жалпы еңбек стажы 31 жыл, педагогикалық стажы 15 жыл.
Университетте жұмыс істеу кезінде «Өндірістік процесстерді автоматтандыру және автоматика негіздері», «Механикалық жинақтау учаскелері және цехтарын жобалау», «Кәсіпорындардың автоматтандырылған жобалауы» курстары бойынша дәрістік, тәжірибелік және зертханалық сабақтарды өткізді. Өндірістік, танысу, компьютерлік және оқу тәжірибелерін басқарады. «Өндірістік процесстерді автоматтандыру және автоматика негіздері», «Механикалық жинақтау учаскелері және цехтарын жобалау», «Кәсіпорындардың автоматтандырылған жобалауы», «Өзараауысымшылық» курстары бойынша оқу құралдары және электронды оқулықтары дайындалды.
1998 жылдың 10 қыркүйегінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 05.05.06 – Тау-кен машиналары мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін ізденуге «Механикаландырылған бекіткіштердің конструктивті және режимді параметрлерін зерттеу және таңдау» тақырыпты диссертациясын қорғады. 2000 жылдың 24 қазанында ҚР жоғары білім және ғылым министрлігінің ЖАК шешімімен «Машинажасау және машинатану» мамандығы бойынша доцент ғылыми дәрежесіне иеленді. 2006 жылдың қаңтар айында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 05.05.06 – Тау-кен машиналары мамандығы бойынша, техника ғылымдарының докторы дәрежесін ізденуге «Механикаландырылған бекіткіштердің беріктігін есептеу әдістерін арттыру» тақырыбы бойынша диссертация қорғады.
Фундаменталды және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша ғылыми зерттеулерді өткізуге қатысты. «Машинажасау» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бойынша мемлекеттік жалпыміндетті білімберу стандарттарының 1, 2 және 3 буынының және 30-дан астам типтік оқу бағдарламаның әзірлеушісі. ИСО 9000: 2000 сериялы халықаралық стандартттарға сәйкес сапа менеджменті жүйесін тексеру сарапшы-аудитордың оқуын және стажировкасын өтті, ҚарМТУ-нің СМЖ құжаттамасының нормабақылаушысы және ішкі аудиторы. 10-нан астам ЖОО және өнеркәсіп мекемелерінің сапа менеджменті жүйесінің әзірлеуіне қатысты (Төрайғыров атындағы ПМУ, ҚазМЮА, ЖезУ, КГТУ, ҚРУ және т.б.). Д 14.22.01 диссертациялық кеңесінің хатшысы және «Машинажасау технологиясы» кафедрасының ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі.
Ново-Карагандинский машинажасау зауытында және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде жұмыс істеу кезінде мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды. 2007 жылы «2006 жылдың ЖОО ең үздік оқытушысы» грантының иегері болды. ҚарМТУ-нің мамандарды даярлау сапасы менеджментінің комитеті, ғылым Кеңес және Д 14.22.01 диссертациялық кеңесінің, ғарыш технологиялары республикалық сараптамалық кеңесінің мүшесі, «CAD/CAM/САЕ-технологияларын қолдану арқылы өндірістік процесстерді автоматтандыру» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі.
Жүргізілетін ғылыми зерттеулердің негізгі бағыты – машинажасау нысандарының беріктігін есептеу теориясының дамуы. 140-тан астам баспа еңбеткері, монография, оқу құралы және электронды оқулықтары бар. Негізгі ғылыми еңбектері және әзірлемелері келесі:
1. Жетесова Г.С. Применение прикладных программ при расчете на прочность металлоконструкций. – «Iзденiс–Поиск». Серия естественно-технических наук. № 3.– Алматы: Изд-во МОН РК, 2006. – С.296-302.
2. Жетесова Г.С. Прогнозирование предельного состояния металлоконструк-ций на основе применения систем автоматизированного проектирования. – Вестник национальной инженерной академии Республики Казахстан. № 3 (21). – Алматы: Изд-во «Комплекс», 2006. – С.50-56.
3. Жетесова Г.С., Жаркевич О.М., Ералин А.Н. Применение прикладных про-грамм при расчете на прочность и прогнозировании предельного состояния метал-локонструкций. Сборник трудов седьмой конференции пользователей программного обеспечения CAD-FEM GMBH. – М.: CADFEM, 2007. – С.263-276.
4. Жетесова Г.С., Муравьев О.П., Жаркевич О.М. Влияние остаточных напря-жений обработки на прочность элементов механизированных крепей. – Новости науки Казахстана. Научно-технический сборник. Выпуск 1. –Алматы: Изд-во НЦ НТИ РК, 2008. – С.82-88.
5. Жетесова Г.С., Юрченко В.В. Методика выбора баз и составления комплек-та баз. – Новости науки Казахстана. Научно-технический сборник. Выпуск 1. –Алматы: Изд-во НЦ НТИ РК, 2009. – С.74-81.

Ғылыми еңбектер

Без рубрики