ТҰЭУ ректоры А.I. Крисоватийден Алғыс хат

Мәртебелі Арстан Мәуленұлы!

Тернополь ұлттық экономикалық университетінің құрылғанына 50 жыл толуына байланысты ұжымымызға жолдаған құттықтаулар мен ізгі тілектеріңіз үшін Сізге құрметім мен алғысымды білдіремін.

Сіздің қолдауыңыз бен жоғары сеніміңіз – ТҰЭУ-ін жаңа жетістіктерге жетелейтін маңызды себептердің бірі.

Бірге жасаған еңбегіміздің нәтижесі Украина мемлекетінің білім саласын ел аймағында және халықаралық аренада одан әрі дамыта беруге негіз болатынына сенімім мол.

Сізге шын жүректен бейбіт аспан, бақыт, мықты денсаулық тілеп, бай-қуатты болыңыз дегім келеді.

Әрдайым және әрқашан ұрпақтар тәжірибесі сіңген өсиеттен жаңылмай, ісіміз бен ниетімізді жақындарымыз бен мемлекетіміз үшін жұмсайық!