Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы бірыңғай сағат өтті

16 мамыр күні ҚарМТУ-да «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы заңнаманың құрылуына 20-жыл» тақырыбында бірыңғай насихат  сағаты өтті. Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы бірыңғай дәріске университетіміздің  380-ге жуық студенті қатысты.

Дәріс өткізілместен бұрын  декан орынбасарларымен болған кеңесте барлық факультеттердің академиялық топтарына  хабарландыру айтылды. Дәрісті ҚарМТУ-дың Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазіргі заманғы гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары жүргізді. Айта кету керек, кафедра оқытушылары барлық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер топтарына  «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениет негіздері»  бойынша курс (2 кредит)  оқиды.

Без рубрики