Студенттік квест –марафоны «Байланысты түзетейік»

наладим связь2015 ж. 18 қыркүйекте сағ 15:00 Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің территориясында «Байланысты түзетейік» студенттік квест –марафоны өткізілуі жоспарлануда.

Студенттік квест- марафон- Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Жас Орда» жастар кәсібодағы жыл сайын өткізетін дәстүрлі іс-шара. Студенттік квест –марафонның басты мақсаты бірінші курс студенттерін ҚарМТУ-дың оқу және басқа да қосымша ғимараттарымен (спорттық кешен, жатақхана, деканаттар, «Жастар Әлемі» ЖО) таныстыру. Аталмыш іс-шараны өткізу тәжірибесі студенттердің үлкен ықыласпен қатысатынын көрсетті, соның арқасында студенттік топтар ішінде жылы жағдай қалыптасады. Іс-шараға қатысу арқылы студенттер жеке қасиеттерін жүзеге асыру және дамытуғ, жаңа білім мен дағдыға ие болу, сонымен қатар демалу мүмкіндігін алады.

Квест-марафонға қатысуға ҚарМТУ-дың барлық бірінші курс студенттері шақырылады. Қатысу үшін өз факультеттеріңіздің кәсіби бюросы жетекшісіне немесе 6 оқу ғимаратының 314 аудиториясына өтініш толтыру үшін хабарласа аласыз.

Без рубрики