Студенттердің жатақханадағы өмірі


Студенттердің жатақханадағы өмірі

28.09.12 ж. сағат 18:00 ҚарМТУ-дың № 1 жатақханасындағы экономика институтының ұйымдастыруымен студенттер арасында дарынды студенттерді анықтау шарасы негізінде «HOSTELSTAR» байқауы өтті. Байқауға 20 ойыншы бес топқа бөлініп ойнады. Оларға түрлі тапсырмалар берілді, олар сол тапсырмаларын басқа топтағы студенттерге қарағанды тапқыр да ұтқыр түрде өткізуі қажет еді. Әр ойын бойынша ҚарМТУ студенттерінің белсенділерінен құралған әділ қазылар тиісінше ұпай беріп, ойыншыларды бағалап отырды. Сонымен бірге, аталмыш іс-шараға институттардың тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары мен кураторлар Кеңесінің төрайымы, жатақхана меңгерушісі ат салысты.
Байқаудың негізгі мақсаты студент жастардың арасынан Университеттің қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысуы мен дарынды жастар қатарын анықтау болып табылды. Бірінші орын алған топ үлкен тәтті тортпен марапатталды.

Кураторлар Кеңесінің төрайымы Оспанова Д.Т.

Без рубрики