Студенттердің аралық аттестациясын өткізу кестесі

Оқу үлгерімінің аралық бақылауын жүргізу
1. Аралық бақылау (аттестация) Университеттің Ғылыми Кеңес Қызметімен бекітілген Академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.
2. «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесіне» сәйкес күндізгі оқыту формасындағы студенттер, магистранттар, докторанттар және сырттай оқыту формасындағы студенттер үшін, сонымен қатар желілік технология бойынша қашықтықта оқитындар үшін кестеге сәйкес семестрдің 7 және 14 апталарында екі аралық бақылау орнатылады (кесте 7).
3. Оқытушылар, дәріс сабақтарын жүргізушілер аралық бақылау бағаларын енгізу мерзімдері 7 Кестеде көрсетілген. Аралық бақылау мен емтихан бағаларының қойылу технологиясының сақталауын бақылау Тіркеу кеңсесінің жетекшісіне жүктеледі.

Кесте 7- Күндізгі бөлім студенттері мен желілік технология бойынша қашықтықта оқитындар үшін аралық бақылауды өту мен оның нәтижелерін енгізу мерзімдері
Күзгі семестр
Аралық бақылау № Аттестациялық кезең АИС ҚарМТУ деректер қорына бағаларды енгізу мерзімі
I 03.09.18ж. – 21.10.18ж. 20.10.18ж. — 25.10.18ж.
II 23.10.18ж. – 09.12.18ж. 08.12.18ж. — 13.12.18ж.
Көктемгі семестр
Аралық бақылау № Аттестациялық кезең АИС ҚарМТУ деректер қорына бағаларды енгізу мерзімі
I 29.01.19ж. – 17.03.19ж. 16.03.19ж. — 21.03.19ж.
II 19.03.19ж. – 05.05.19ж. 04.04.19ж. — 08.05.19ж.

Без рубрики