Студенттер мен оқытушылар назарына!

Республикалық «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ағымдағы жылғы 8-ші қазанға дейін Қарағанды облысында тұратын өзге ұлт өкілдері туралы «Қазақ тілі – арың бұл» телебағдарламасы бойынша 2 күндік түсірілім жасайды. Түсірілімге облыс аумағында тұратын 10 жастан бастап 60 жасқа дейінгі мемлекеттік тілді меңгерген 200 өзге ұлт азаматтары қатысады. Түсірілім барысында қатысушыларман өзара сайыс өткізіліп, екі команда іріктеліп алынады. Іріктеуден өткен қатысушылар наурыз айында өткізілетін республикалық финалға қатысады. Телеарнаның жүлде қоры 1000 000 теңге. Түсірілімге қатысушы өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілде өз өнерлерін көрсетеді (қазақ тілінде өлең оқу мен ән орындау, би билеу. Ұлттық аспаптарда ойнау және т.б.).

Бұл шараға біздің университеттен 20 шақты өзге ұлт өкілдері студенттері  мен оқытушылары қатыса алады.

Қосымша ақпаратты бас корпустың 238 аудиториясынан алуға облады

Без рубрики