Студент жастардың арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған семинар


2016 жылы 31 тамызда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жиын залында сағ 15:00-де студент жастардың арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған семинар өтті.

Семинарда сөз сөйлегендер: Р.А. Саматаев, ҚММ «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастары мәселелерін зерттеу және талдау орталығының» оңалту жұмыстары бойынша инспекторы; Е.Ю. Медведева, ҚММ «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастары мәселелерін зерттеу және талдау орталығының» инспекторы.

Семинар жұмысына Ақсақалдар Кеңесінің мүшелері, факультет декандары, кафедралардың аға кураторлары мен академиялық топ кураторлары (400 адам) қатысты.

Семинар мақсаты облыс бойынша діни жағдаймен, діни мәселерді реттеудегі мемлекеттік саясат қағидаларымен танысу, сонымен қатар оларды діни ағымдардың, соның ішінде дәстүрлі емес діни ағымдардың болмысы туралы ақпараттандыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.

Аталмыш семинар 1.09.2016 ж.  11.30-дан 1- 4 курстың 362 тобында жоспарланған «Студент жастардың арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» кураторлық сағатына дайындық шеңберінде өтті.

Без рубрики