«Ұстаз — халық анасы»


2018 жылдың  5 қазан күні ұстаздар күніне орай №1 жатақханада  «Ұстазым» атты концерт өтті. Мақсаты – ұстаздардың ерен еңбегін бағалауға, ұстазды әрдайым құрметтеп, үлгі тұтуға үйрету. Іс шара ұйымдастырушылары — №1 жатақхананың Студенттер Кеңесі. Студенттер мерекелік концертке ұлттық би, әсем ән орындап, гитара, домбыра сынды аспаптармен өз өнерлерін көрсетті.

Кеш қонақтары – «Серпін-2050» оқу орталығының жетекшісі Жетпісбай Ш.А. және «Серпін-2050» оқу орталығының әдіскері Серикова А.О., №1 жатақхана меңгерушісі Ильясова М.А., «Армандастар Ордасы» жатақханасының Студенттер Кеңесінің төрағасы Рысбеков М., «Серпіндестер Ордасы» жатақханасының төрағасы Кенжебай Н.

Без рубрики