«Педагог мәртебесі»

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Педагог мәртебесі» туралы заңды келесі жылы қарап, ұсынып, әзірлеп және қабылдауды қажет деп санаймын, – деп атап өтті. Осыған орай, 25.01.2019 жылы «Saryarqa телеарнасында» өткен «В интересах людей» ток-шоуына қатысу үшін ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжінің оқытушылары Р.Р.Несипов, А.Ө.Өмірбекова және студенттер шақырылды. Сондай-ақ, осы бағдарламаға «Нұр Отан» партиясының және қалалық білім бөлімінің жетекшілері мен ЖОО-ның оқытушылары, білім беру саласының ардагерлері, қалалық гимназия, лицей, мектеп педагогтары, қоғам қайраткерлері, студенттер және мектеп оқушылары қатысып өз ойларымен бөлісті. Ток-шоудың негізгі тақырыбы: «Педагог мәртебесі» туралы болғандықтан, бүгінгі күнде қоғамдық-маңызы бар өзекті де өткір мәселелер жөнінде айтарлықтай сөз қозғалып, түрлі пікірлер айтылды.

 

 

 

Без рубрики