СИЛИКАТТАР

Бұл көп санды, құрылымдық және химиялық құрылысы бойынша – күрделі класс болып табылады. Оның минералдары салмақ бойынша жер қыртысының 85% құрап, оның жыныс жасаушысы болады.

Силикаттардың негізгі құрылымдық бірлігі – иондардың басқа элементтермен қосылуы 4 еркін валенттік байланыстар арқасында болатын кремний-оттекті тетраэдр болып келеді. Тетраэдрлардың байланысу әдісі кристалл мен минералдардың формасын белгілеп, силикаттарды келесі төменгі класстарга бөлудің негізінде көрсетілген: 1) аралдық, 2)айналмалы, 3) тізбекті, 4)таспалы, 5) жапырақты, 6) каркас.

Аралдық силикаттар иондардың тығыз орамасына байланысты қаттылығы жоғары және салмағы үлесті болып табылады. Аралдық силикаттарға оливин және гранат-альмандин жатады. Оливинді қарастырайық.

ОЛИВИН (перидотит) – түсі зәйтүндей жасыл, жасыл қошқыл түс, ерекшелігі жоқ. Жарқыны әйнектей, мөлдір, сынығы қисық, түйіршікті, дәнекерлігі жетілмеген. Қаттылығы 6,6-7, салмағы орташа. Түйіршікті агрегат немесе жыныстағы басқа түйіршіктердің түрінде кездеседі.

Жасыл түс және жоғары қаттылығымен ерекшеленеді. Пайда болуы магматикалық. Ультра негізді және негізгі жыныстардың бастапқы минералы.

Азды-көпті бірқалыпты минералды құрамы мен құрылымның агрегаттары тау жыныстары деп аталады. Пайда болуына байланысты үш топқа бөлінеді: магматикалық, шөгінді және метаморфтық.

Магматикалық тау жыныстары терең жер қойнауынан жер қыртысының жоғарғы аймақтарына енетін ыстық-балқытпа – магма қатуының нәтижесінде пайда болады.

Магманың қату жағдайларына байланысты магматикалық жыныстардың екі тобы бөлінеді: интрузивті және иэффузивті. Химиялық құрамы бойынша кремнеземнің мөлшеріне байланысты барлық магматикалық жыныстар:

-ультра негізгі;

-негізгі;

-орташа;

-қышқыл болып бөлінеді.

Магматикалық жыныстардың аттарын анықтауда олардың негізгі ерекше белгілеріне бағыт алу керек.

Бұл, ең алдымен, жыныстың текстура мен құрылымы. Бұл белгілер жыныстардың интрузивті немесе эффузивті жыныстарға құрамына енушілігі жөнінде сұрағын шешуге мүмкіндік береді.

Интрузивті топқа: гранит, сиенит, диорит, габбро жатады. Эффузивті топқа: липарит, трахит, андезит, базальт жатады.

Магматикалық және шөгінді тау жыныстары өзінің пайда болуынан кейін жүздеген мың және миллиондаған жылдарға маңызды өзгеріссіз қала береді. Бірақ тектоникалық қозғалыс пен магматизм немесе жоғары жатқан жыныстар ауырлығынан олар өзгеріп, метаморфтық тау жыныстары атына ие болған жаңа тау жыныстарына айналады. Негізгі факторлары магмамен оның енгізудегі бөлінетін ашпасы мен газдары болып табылады. Метаморфтық тау жыныстары магматикалық сияқты құрысылыс ісінде кеңінен пайдаланады, мысалы мәрмәр, кварцит.

 

Без рубрики