«SIFE-2012»


2012 жылдың 3-4 мамыр күндері Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің SIFE командасы Алматы қаласында өткен «SIFE-2012» Ұлттық жарысына қатысты.

Жарысқа Қазақстанның 19 ЖОО қатысты. Командалар өздерінің елдегі өмір сүру деңгейінің өсуі мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты практикалық тапсырмаларды шешу бойынша әлеуметтік маңызды бизес-жобаларын ұсынды.

ҚарМТУ-дың SIFE командасы ІІ орын алып, күміс жүлдегері болды. Команданың эдвайзері, ҚарМТУ тұсындағы технологиялық колледж оқытушысы Лысачева Т.И. «Ең жақсы эдвайзер» атағына ие болды.

Без рубрики