«Серпін — 2050» оқу бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің ҚР Президентінің курстас және үзеңгілес достарымен кездесу


2016 жылдың 18 ақпанында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің курстас және үзеңгілес достарымен Қазақстан Республикасының бірінші сыртқы істер Министрі Т.С. Сүлейменов, Мемлекеттік сыйлықтың Лауреаты К.З. Сарекенов және құрметті металлургтар К.О. Омашев, Е.И. Тулеубаев, В.А. Никоновпен «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқитын студенттерімен кездесу өтті.

2015 жылы ҚарМТУ «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқуға 316 студент қабылдады. Бүгінгі күні инженерлік жоғары білімді алу мақсатында осы топтармен 18 ең көп сұранысқа ие мамандық бойынша жұмыс жүргізілуде.

Кездесу барысында №1 жұмыс мамандықтар орталығы (машина жасау бойынша), құрылыс инжинирингі лабораториясы, ТжКБ орталығы, дәнекерлеу Институты, «Шнайдер Электрик» инновациялық лабораториясы, және АҚ «Имсталькон» «дәнекерлеу және құю өндірісі» кафедра филиалына барды.

Қорытынды кездесу барысында ҚарМТУ-дың бас корпус акт залында аталған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша  мақсаттары, міндеттері, ерекшеліктері, сол сияқты болашақтағы жетістіктері қарастырылып, студенттер көкейінде жүрген сұрақтарын қойды.

Елбасының курстастарымен кездесу Жаңа Қазақстандық патриотизмді және кәсіби инженерлік білімді қалыптастыруда біздің жастарға өз үлесін қосты деген сенімдеміз.

 

Без рубрики