«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алушылар Теміртау қаласындағы Бірініші Президент атындағы тарихи- мәдени орталыққа барды

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алушы ҚарМТУ студенттері 17 қазан күні Теміртау қаласындағы Бірініші Президент атындағы тарихи- мәдени орталыққа барды. Студенттер үшін орталықтың экспозициялар қойылған залдарында экскурсия ұйымдастырылды. Оларды тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы және елімміздің ауыр индустриясының алыбы Қазақстандық Магнитканың тарихымен таныстырды.
Студенттер үшін орталықтың экспозициялар қойылған залдарында, барысында балалар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы және еліміздің ауыр индустриясының алыбы Қазақстандық Магнитканың тарихымен Қазақстан Республикасының Тұғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны арқылы танысқан, экскурсия ұйымдастырылды.
Университетке «Серпін -2050» бағдарламасы бойынша 2015-2016 оқу жылдарына 14 мамандық бойынша 321 мемлекеттік білім беру гранттары берілді.
ҚарМТУ-ға аталмыш бағдарлама бойынша түскен талапкерлер жайлы жатақханамен қамтамасыз етіледі және оларға оқуларын аяқтағаннан соң жұмысқа тұруға көмек көрсетіледі.
ЖОО өз студенттерінің жақсы оқуларына барлық жағдайларыды жасайды: ҚарМТУ-да заманауи оқу бөлмелері, тау-кен ісі, дәнекерлеу технологиялары, машинажасау, құрылыс, ителебайланыс салаларындағы жұмысшы мамандықтардың бес орталығы және дәнекерлеу институты бар.
Оқу үдерісін жетілдіру және ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру бойынша ҚарМТУ қызметінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығын орындауда құрылған «Минералды шикізат ресурстарын кешенді игеру» инженерлік бейіндегі сынақ зертханасы ерекше орын алады. 20 инновациялық орталық құрылған. Сонымен қатар Университет жанында спорттық кешен және Қарқаралы қ. орналасқан сауықтандыру лагері бар.

Без рубрики