Семей облысындағы ядролық полигон жайлы фильмнің көрсетілімі

2016 жылдың 11 қарашасы күні Қарағанды қ. «Сарыжайлау» кинотеатрында өткен Семей облысындағы ядролық полигон жайлы фильмнің авторы, режиссер Ораза Рымжановтың шығармашылық кешіне ҚарМТУ-дың Инновациялық технологиялар колледжінің 20-дан астам студенті қатысты. Кездесуде студенттер шығармашылық топқа сұрақтар қойып, фильмнің түсірілімі жайлы пікірлерін білді.

Сұхбат соңында ядролық полигонның жабылуына 25-жыл толғанына орай түсірілген фильм көрсетілді.

Сарыжайлау