«Science Slam – Қазақстан» ғылымды дәріптеу халықаралық жобасы


Science Slam — алғаш рет Алманияда жүзеге асырылған ғылымды дәріптеудің халықаралық жобасы. Бұл ғылыми ақпаратты ұсынудың ерекше және жарқын үлгісі. Алманияда бастауын алған жоба іс- шаралары Аустрия, Швеция, Швейцария, Ресейде өтеді.

«Science Slam – Қазақстан» жарысына қатысу үшін елдің түкпір- түкпірнен жас ғалымдар Алматыда жиналады. Мұнда қиын ғылыми терминдерге, түсініксіз слайдтар мен университеттік аудиторияларға орын жоқ.  Сахнаға айтар сөзі бар, әрі ақпаратты қызықты жеткізе білетіндер ғана шығады.

ӨЗ МҮМКІНДІГІҢДІ ЖІБЕРІП АЛМА!

Жарыс 2016 жылы 16 қыркүйекте ҚР Тұңғыш Президентінің –Елбасының Қоры ғимаратында Алматы қ. өтеді.

Өтініштер 2016 ж. 25 тамызға дейін қабылданады және Сіздер «Science Slam – Қазақстан»-ның бас жүлдесі үшін күресу мүмкіндігін аласыз!

Егер Сіз Science Slam-ның не екенін білмесеңіз

Жарыс ережелері

Без рубрики