«Сапаны басқарудың статистикалық әдістері негізінде бизнес-жетілдіру» тақырыбындағы тренинг-семинар

2016 жылдың 18 қарашасы күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Сапаны басқарудың статистикалық әдістері негізінде бизнес-жетілдіру» тақырыбында тренинг-семинар өтеді.

Тренингті Томск Ұлттық политехникалық зерттеу университетінің Басқару және  мехатроника  жүйесі кафедрасының т.ғ.д., Өндірісті статистикалық әдістер негізінде басқару, бизнес-процестерді статистикалық тұрғыдан қолдау, сапаны бақылау әдістері бойынша мотивациялық спикері және кеңесшісі – Стукач Олег Владимирович – жүргізеді. О.В. Стукач – өндірістік коммерциялық компаниялардың бизнес-процестерін жетілдіру бойынша консалтингтік жобалардың қатысушысы әрі жетекшісі. IEEE және Европа микротолқын жүйелері ассоциациясының бас мүшесі, Томск облысының ғылым және білім саласындағы премияларының лауреаты.

Тренинг жоғары бәекелестік жағдайындағы компанияларды басқару (сату, маркетинг бөлімдерінің басшыларына, коммерциялық директорларға, маркетинг бойынша директорларға) сапаны бақылау және басқару, мәліметтерді сараптау бөлімдерінің, метрологиялық қамтамасыз ету қызметтерінің қызметкерлеріне  бағытталған.

Тренингке жазылу үшін мына телефон бойынша хабарласыңыз:  8-775-768-84-18 Раушан (тренинг ұйымдастырушысы)

Сізді сағат 9:00-де Халықаралық материалтану орталығында күтеміз!

Бағдарламаны жүктеу