«Самұрық-Қазына» АҚ-нда тағылымдамадан өту


«Самұрық-Қазына» АҚ «Самұрық-Қазына» Корпоративті университетімен бірлікте 2017 жылы жоғарғы оқу орындарын бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша бітірген түлектерді «Жас Өркен» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге шақырады.

20 жас түлек 20 ай бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірнеше құрамдас компанияларында тағылымдамадан өтеді.

Сіздер еңбек жолыңызды өзгеше жолмен бастайтын боласыздар – алда еліміздің ірі компанияларында біліктілікті арттыру және жұмыс тәжірибесін игеру тұр. Конкурс жеңімпаздарына ай сайын шәкіртақы, жол және пәтер ақысы төленеді.

Тағылымдамадан сәтті өткен жас мамандарға арнайы жұмыс жоспары жасалып, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның  компаниялар топтамасында  өзін-өзі кәсіби тұрғыдан дамытудың жолдары ұсынылады. Бағдарлама соңында үздік тағылымгерлер Қазақстанның ұлттық компанияларында жұмысқа орналастырылады.

Бағдарлама миссиясы– Қазақстанның дарынды жастарын дамыту.

Бағдарламаұйымдастырушысы —  «Самұрық-Қазына» АҚ бағдарлама және конкурсқа  ұйымдастырушылық-қаржылық қолдау көрсетеді.

Бағдарламаныңатқарушы органы —  «Самұрық-Қазына» Корпоративтіуниверситеті, конкурсқа қатысты барлық іс-шараларды жүзеге асырады және тікелей өткізеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;
  • 2017 жылыжоғарғыоқуорындарынбакалавриатжәне магистратура бағдарламасы бойынша бітіруі тиіс.
 Толық ақпарат https://www.skcu.kz
Без рубрики