Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойына арналған конференция!

2014 ж. 5 желтоқсан сағ 10:00 Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде қазақ  әдебиетінің негізін салушы, поэт, драматург, жазушы, публисцист және қазақ халқының рухани мурасына зор үлес қосқан мемлекет қайраткері — Сәкен  Сейфуллиннің 120 жылдық мерейтойына арналған «Сәкен Сейфуллин және ұлттық руханият» атты Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференция өтеді.

Аталмыш іс-шара елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауына сәйкес , халқымыздың рухын көтеріп, ұлы мақсаттарға жетуге көмектесетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының шеңберінде өтеді.

Конференция мақсаты: жастар арасында ұлы жазушының шығармашылығын насихаттау, студенттерді қазақ тілінің  әсемдігі мен байлығына, ұлы тарихқа және өз халқының рухани мұрасына бет бұрғызу.

Конференция жұмысына қатысушылар:

О. Абдикаримов ( Мемлекеттік және қоғам қайраткері);

Т. Какишев (ҚР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор);

H.О. Дулатбеков (заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі);

Н. Айтұлы  (ақын, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, С.Сейфуллин атындағы мұражай директоры);

Х.М. Абжанов (профессор, тарих ғылымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы этнология және тарих институтының  директоры);

А.Г. Какен (Қазақстан журналистер одағының мүшесі, жазушы, зерттеуші);

С.К. Оспанов (ҚР еңбек сіңірген қайраткері, зерттеуші) және басқа да атақты ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, сонымен қатар, ҚарМТУ профессорлық- оқытушылық құрамы, докторанттары, магистранттары және студенттері.

Конференция бағдарламасы

Без рубрики